Owner's Manual

9
Дыбыстауыш параметрлерін баптау
DRC (Динамикалық диапазон бақылауы) – Дыбысты үнділік азайтылған
кезде анық етіңіз (Тек сандық Dolby). Осы əсер үшін [On] орнатыңыз.
Дауысты – Караоке арналарын қалыпты стереоға араластыру үшін [Қосу]
таңдаңыз. Осы функция караоке DVD мульти арналары үшін ғана тиімді.
Құрсаулау параметрлерін баптау
Құрсаулау параметрлеріне қатынау үшін сіз 4 санды құпия сөзді енгізуге
тиіссіз. Егер сіз əлі құпия сөзді енгізбеген болсаңыз, сізден солай ету
сұратылады.
1 4 санды құпия сөзді енгізіңіз де, ENTER батырмасын басыңыз.
2 Тексеру үшін оны тағы бір рет енгізіңіз де, ENTER батырмасын басыңыз.
Егер санды енгізген кезде қате жіберген болсаңыз, CLEAR батырмасын
басыңыз да, оны түзетіңіз.
Area Code (Аймақ коды) Географиялық аймақ үшін ойнату
диапазонының деңгейі сияқты код таңдаңыз. Бұл қай аймақтың
стандарттары тектік құлып арқылы бақыланатын DVD бағалау үшін
қолданылатынын анықтайды. 17 беттегі аймақ кодына қараңыз.
Rating (Диапазон) – Бағалау деңгейін таңдаңыз. Деңгей қаншалықты
жоғары болса – бағалау соншалықты қатаң болады. Бағалауды өшіру үшін
[құлыптамау] тармағын таңдаңыз
Password (Құпия сөз) Құлыптау орнатулары үшін құпия сөзді орнатады
немесе өзгертеді.
[New] : Сандық батырмаларды қолдана отырып жаңа 4 сандық құпия
сөзді енгізіңіз. Қайта құптау үшін құпия сөзді енгізіңіз.
[Change] : Ағымдағы құпия сөзді енгізгеннен кейін жаңа құпия сөзді екі
рет енгізіңіз.
Егер сiз құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіруге болады.
1 Əуелі құрылғыдан дискіні алып шығыңыз.
2 Орнату мəзірiн бейнелеу үшiн SETUP батырмасын басыңыз. “210499”
теріңіз де, ENTER батырмасын басыңыз. Құпия сөз қазір енді өшiрiлдi.
Басқа параметрлерді баптау
DivX(R) Registration (DivX(R) тіркеу) Біз DivX® VOD қызметін қолдана
отырып бейнелерді жалға алуға жəне сатып алуға мүмкіндік беретін DivX®
VOD (Талап бойынша бейне) тіркеу кодымен қамтамасыз етеміз.
Толығырақ ақпарат алу үшін www.divx.com/vod веб-торабына барыңыз.
ENTER батырмасын басыңыз, сонда құрылғының тіркеу кодын көре
аласыз.
Semi Karaoke (жартылай караоке) – Тарау/ тақырып/ жолшық толық
аяқталғанда, бұл функция кернейлете отырып, бейнебетте ұпай санын
көрсетеді.
Жартылай караоке функциясына арналған дискілер: DVD дискілер/ DVD
караоке дискілері
[On] (қосу): Сіз əн салуды аяқтаған кезде, бейнебетте ұпай саны пайда
болады.
[Off] (өшіру): Керней мен ұпай саны бейнебетте пайда болмайды.
- Бұл функция DVD/CD режимінде жұмыс істейді.
-
Жартылай караоке функциясы тек микрофон жалғаулы болғанда ғана
жұмыс істейді.
- Ойнату кезінде кинофильм тарауы өзгерген кезде керней немесе ұпай
саны пайда болатын жағдайда, орнату режимінде жартылай караоке
режимін “OFF” күйіне қойыңыз немесе микрофонды ажыратыңыз.
VOCAL FADER (дауыс реттегіш)
Сіз түрлі сигнал көздеріндегі сазды файлдағы əнші даусын азайту арқылы
караоке функциясын пайдалана аласыз. (MP3/ WMA/ CD/ т.б.) VOCAL
FADER басыңыз, сонда бейнебет терезесінде “FADE ON” пайда болады.
Мұны жою үшiн VOCAL FADER түймешігін қайтадан басыңыз.
- Бұл функция тек микрофон жалғаулы болғанда ғана жұмыс істейді.
- VOCAL FADER (дауыс реттегіш) сапасы сазды файлдардың жазылу
жағдайларына қарай əр түрлі болуы мүмкін.
- Бұл функция MONO режимінде жұмыс істемейді.
XB64-F0U-ARUSLL-KAZ.indd 9XB64-F0U-ARUSLL-KAZ.indd 9 2010.2.8 10:50:3 AM2010.2.8 10:50:3 AM