User Manual

ҚАЗАҚШАkk
68
Шығарып алу
Аккумуляторды құлыптан босату түймесін (11)
басып, аккумуляторды (12) шығарып алыңыз.
Орнату
Аккумуляторды (12) тірелгенше енгізіңіз.
6.3 Айналу бағытын, тасымалдау
қорғанысын
(қосылудан бұғаттау) орнату
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9)
қозғалтқыштың
өшірулі күйінде ғана қосыңыз!
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (айналу
бағытын реттеу, тасымалдау қорғанысы) (9)
қосыңыз.
2-бетті қараңыз:
R = оң жаққа айналу орнатылған
L = сол жаққа айналу орнатылған
0 = ортаңғы күй: тасымалдау қорғанысы
(қосылудан бұғаттау) орнатылған
6.4 Беріліс сатысын таңдау
1-ші қадам (төмен айналу жиілігі,
аса жоғары айналу жиілігі, көбінесе бұрап
бекітуге арналған)
2-ші қадам (жоғары айналу жиілігі,
көбінесе бұрғылауға арналған)
6.5 Құрылғыны айналу моментін шектеу,
бұрап бекіту, бұрғылау, соққымен
бұрғылау үшін реттеу
BS белгісі бар аспаптар...:
1...20 = Айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды айналдыру
арқылы (3) реттеу - аралық позициялар
да болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды айналдыру
арқылы (3) реттеу (макс. айналу
моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
SB белгісі бар аспаптар...:
= Бұрап бекітуді патронды айналдыру
арқылы (5) реттеу
ЖӘНЕ
айналу моментін (айналу моментінің
шектегішімен) патронды айналдыру
арқылы (4) реттеу - аралық позициялар
да болуы мүмкін.
= Бұрғылауды патронды айналдыру
арқылы (5) реттеу (макс. айналу
моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
= Соққымен бұрғылауды патронды
айналдыру арқылы (5) реттеу (макс.
айналу моменті, айналу моментінің
шектегішінсіз)
Қозғалтқышқа артық жүктеме түсуін
болдырмау үшін, шпиндельді
бұғаттамаңыз.
6.6 Жұмыс құралын ауыстыру
Бұрғылау патронын ашу:
Бұрғылау патронын (1) сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Жұмыс құралын тарту:
Бұрғылау патронын ашып, құралды
мүмкіндігінше терең орнатыңыз. Бұрғылау
патронын (1) құрал берік тартылғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Құрал білігі
жұмсақ болған жағдайда қысқа уақыт
бұрғылағаннан кейін қосымша тарту керек.
6.7 Электрлік құралды қосу, өшіру, айналу
жиілігін реттеу
Аспапты қосу үшін шүріппелі ауыстырып-
қосқышты (10) басыңыз. Айналу жиілігін
шүріппелі ауыстырып-қосқышты басу арқылы
өзгертуге болады.
6.8 Quick жылдам ауыстыру жүйесі бар
бұрғылау патроны (PowerMaxx BS Quick
үлгісінде...)
Бөлшектеу: 2-беттегі A суретін қараңыз.
Бұғаттау сақинасын алға жылжытыңыз (a) және
бұрғылау патронын алға тартыңыз (b).
Бекіту: Бұғаттау сақинасын алға жылжытыңыз
және бұрғылау патронын бұрғылау шпинделіне
тірелгенше итеріңіз.
6.9 Бұрғылау патроны (PowerMaxx BS
үлгісінде)
2-беттегі B суретін қараңыз.
Бекіту: Қорғаныш қапты (13) бұрап шығарыңыз.
Жылдам қысылатын бұрғылау патронын
жүрістік бұрандаға бұрап бекітіңіз. Жылдам
қысылатын бұрғылау патронын гайка кілтімен
берік тартуға (және қайта босатуға да) болады.
Ұзын бұрауыш саптамаларымен немесе
саптама ұстағышымен жұмыс істеген кезде
6.31281 саптаманы қысу төлкесін пайдалануға
кеңес беріледі («Керек-жарақтар» бөлімін
қараңыз).
Тек қана түпнұсқа Metabo аккумуляторларын
және Metabo керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
4-бетті қараңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Жылдам қысылатын бұрғылау патроны.
Бекіту, PowerMaxx BS:
Қорғаныш қапты (13)
бұрап шығарыңыз. Жылдам қысылатын
бұрғылау патронын жүрістік бұрандаға
бұрап бекітіңіз. Жылдам қысылатын
12
12
7. Пайдалы кеңестер
8. Керек-жарақтар