Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

98
Бейнефильмдер
Бейнефильм жазу мен бейнефильм ойнатудың негізгі
операциялары
Максималды бейнефильм жазу уақыты
Жеке бейнефильм файлдары ұзақ уақыт жазуға арналған жад картасында
жеткілікті бос орын болса да, көлемі 29 минуттық ұзақтықтан аспайды.
Бір бейнефильмді файлдың максималды өлшемі 4 ГБ. Егер 29 минуттан аз
жазылса да, файл 4 ГБ өлшемінен асып кетсе, ол бірнеше файлдарға бөлініп,
үздіксіз ойнатылмайды (A145).
Бір бейнефильм үшін қалған жазу уақыты түсіру экранында көрсетіледі.
Егер фотокамера температурасы жоғарыласа, фотокамераға жазу осы
шекке жетпей аяқталуы мүмкін.
Нақты қалған жазу уақыты бейнефильмнің мазмұнына, нысанның
қозғалысына немесе жад картасының түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Бейнефильмдер жазу үшін 6 (V6 бейне жылдамдығының санаты) немесе
одан да жылдамырақ SD жылдамдық санатының рейтингі бар жад
карталарын пайдалану ұсынылады. Movie options (Бейнефильм
опциялары) параметрі d 2160/30p (4K UHD) немесе c 2160/25p (4K
UHD) күйіне орнатылғанда, UHS 3 немесе одан жылдамырақ жылдамдық
санатындағы (V30 бейне жылдамдығының санаты) жад карталарын
пайдалану ұсынылады. Төмендеу жылдамдық санатының рейтингі бар жад
картасын пайдаланған кезде бейнефильмді жазу әрекеті оқыс тоқтауы
мүмкін.
B Фотокамера температурасы
Ұзақ уақыт бойы бейнефильмдерді жазған кезде немесе фотокамера ыстық
аумақта қолданылған кезде фотокамера қызып кетуі мүмкін.
Бейнефильмді жазған кезде фотокамераның іші қатты қызып кетсе, фотокамера
жазуды автоматты түрде тоқтатады. Фотокамера жазуды тоқтатқанға дейін қалатын
(B10s) уақыт мөлшері көрсетіледі.
Жазуды тоқтатқаннан кейін фотокамера өзін өшіреді.
Фотокамераны іші суығанша қалдырыңыз.
Бейнефильм түсіруге қатысты ескертпелер
B Кескіндерді немесе бейнефильмдерді сақтауға қатысты
ескертпелер
Кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқан кезде, қалған кадрлар санын
көрсететін индикатор немесе қалған жазу ұзақтығын көрсететін индикатор
жыпылықтайды. Индикатор жыпылықтап тұрған кезде, батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад картасын
алмаңыз. Бұлай ету деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад
картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Фотокамераның ішкі жадын пайдаланған кезде бейнефильмдердің сақталуы біраз
уақыт алуы мүмкін.
Арнайы Movie options (Бейнефильм опциялары) параметрлерін қолданған
кезде бейнефильмді ішкі жадта сақтау немесе оны жад картасынан ішкі жадқа
көшіру мүмкін болмайды.