Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

99
Бейнефильмдер
Бейнефильм жазу мен бейнефильм ойнатудың негізгі
операциялары
B Жазылған бейнефильмдер туралы ескертпелер
Сандық масштабтауды пайдаланғанда сурет сапасы біраз нашарлауы мүмкін.
Масштабтауды таңдау әрекетінің, масштабтаудың, объективті автофокустау жетегі
қозғалысының, бейнефильм дірілін азайтудың және жарықтық өзгерген кездегі
апертура әрекетінің дыбыстары жазылуы мүмкін.
Бейнефильмдерді түсірген кезде экранда келесі құбылыстар көрінуі мүмкін. Бұл
құбылыстар жазылған бейнефильмдерде сақталады.
- Флюоресцентті, сынап буы немесе натрий буы жарығының әсерінен суреттерде
жолақтар пайда болуы мүмкін.
- Кадрдың бір жағынан екінші жағына тез қозғалатын нысандар, мысалы, қозғалып
бара жатқан пойыз немесе көлік бұрмаланып көрінуі мүмкін.
- Фотокамераны панорамалау кезінде бүкіл бейнефильм суреті ауытқыған болуы
мүмкін.
- Фотокамераны қозғалтқанда жарық немесе басқа жарық аумақтар
фотокамерада қалдық суреттер қалдыруы мүмкін.
Нысанмен арақашықтығына немесе қолданылған масштабтау мөлшеріне
байланысты, бейнефильм жазу және ойнату кезінде қайталанатын үлгілері бар
нысандарда (киімдер, торлы терезелер, т.б.) түсті жолақтар пайда болуы мүмкін.
Бұл нысандағы үлгі мен сурет сенсорының орналасуы бір біріне кедергі
жасағанда орын алады, бұл ақаулық емес.
B Бейнефильм жазу кезіндегі дірілді азайту туралы ескертпелер
Бейнефильм мәзіріндегі Movie VR (Фильм ДА) (A151) параметрі On (hybrid)
(Қосулы (гибридті)) мәніне орнатылған кезде, көрініс бұрышы (яғни, кадрда
көрінетін аймақ) бейнефильм түсіру кезінде тарылады.
Жазу кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдалану кезінде бұл
функциядан туатын қателерді болдырмау үшін Movie VR (Фильм ДА) параметрін
Off (Өшірулі) күйіне орнатыңыз.
B Бейнефильм жазу үшін автофокус туралы ескертпелер
Автофокустау күтілгендей нәтиже бермеуі мүмкін (A76). Осындай жағдай орын
алса, қолмен реттелетін фокус (A63, 64) арқылы фокустаңыз немесе келесі
әрекеттерді орындап көріңіз:
1.Бейнефильмді жазуды бастамас бұрын бейнефильм мәзіріндегі Autofocus mode
(Автофокус режимі) режимін Single AF (Əр кадр бойынша АФ) (әдепкі
параметр) параметріне орнатыңыз.
2.Мақсатты нысан сияқты фотокамерадан бірдей қашықтықта орналасқан басқа
нысанды кадрдың ортасына алыңыз, жазуды бастау үшін b (e) түймешігін басып,
кадр жиектемесін өзгертіңіз.