Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

108
Бейнефильмдер
Бейнефильмдерді өңдеу
5 m (сақтау) белгішесін таңдау үшін
HI мульти селекторын
пайдаланыңыз жəне k түймешігін
басыңыз.
Бейнефильмді сақтау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
B Бейнефильмді бөліп алу бойынша ескертпелер
Өңдеу арқылы жасалған бейнефильмді қайта өңдеу мүмкін емес.
Бейнефильмнің қиылған нақты бөлігі бастау және аяқтау нүктелері арқылы
таңдалған бөліктен аздап басқа болуы мүмкін.
Бейнефильмдерді ұзақтығы екі секундтан аз болатын етіп қиюға болмайды.
Бейнефильмдегі кадрды фотосурет ретінде сақтау
Жазылған бейнефильмнің қажетті кадрын бөліп алып, фотосурет ретінде
сақтауға болады.
Бейнефильмді кідіртіп, бөліп алу қажет
кадрды көрсетіңіз (A106).
H басқару тетігін таңдау үшін JK мульти
селекторын пайдаланыңыз және k
түймешігін басыңыз.
Растау диалогтық терезесі көрсетілгенде
Yes (Иə) пәрменін таңдаңыз, кескінді сақтау
үшін k түймешігін басыңыз.
Фотосурет кескін сапасы ретінде Normal
(Қалыпты) болып сақталады. Кескін өлшемі
бастапқы бейнефильм өлшемі арқылы
анықталады (A146).
B Фотосуреттерді бөліп алу бойынша шектеулер
Фотосуреттерді HS бейнефильм опциясы арқылы жазылған бейнефильмнен бөліп
алу мүмкін емес.
3 0 s
30s
Save
Yes
No
Copy this frame as a still image?