Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

110
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді пайдалану
Түсірілген кескіндерді қарау үшін SnapBridge қолданбасын пайдаланумен
қатар, фотокамераны төменде көрсетілген құрылғыларға жалғау арқылы
кескіндерді әртүрлі жолдармен пайдалануға болады.
B Кабельдерді фотокамераға жалғау бойынша ескертпелер
Кабельдерді жалғаудан не ажыратудан бұрын фотокамераны өшіріңіз. Ашалардың
пішіні мен бағытын тексеріңіз және ашаны қырымен салмаңыз не суырмаңыз.
Фотокамера батареясының заряды жеткілікті екендігін тексеріңіз. EH-62F
айнымалы ток адаптері (бөлек сатылады) пайдаланылса, бұл фотокамераны
электр розеткасы арқылы қосуға болады. Ешбір жағдайда EH-62F үлгісінен басқа
айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау
фотокамераның шамадан тыс қызып кетуіне немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Жалғау әдістері және одан кейінгі амалдарға қатысты мәлімет алу үшін осы
құжатқа қосымша ретінде құрылғымен бірге келген құжаттарды қараңыз.
Кескіндерді пайдалану
Суреттерді теледидарда көру
Фотокамерамен түсірілген суреттерді және бейнефильмдерді
теледидарда қарауға болады.
Жалғау әдісі: Сатылатын HDMI кабелін теледидардың HDMI
кіріс ұяшығына жалғаңыз.
Кескіндерді компьютерсіз басып шығару
Фотокамераны PictBridge-үйлесімді принтерге жалғасаңыз,
суреттерді компьютерді пайдаланбастан басып шығаруға
болады.
Жалғау әдісі: Фотокамераны USB кабелі арқылы тікелей
принтердің USB портына жалғаңыз.
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
Кескіндер мен бейнефильмдерді көру және өңдеу үшін
компьютерге тасымалдауыңызға болады.
Жалғау әдісі: Фотокамераны USB кабелі арқылы компьютердің
USB портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғамас бұрын, компьютерге ViewNX-i
бағдарламалық жасақтамасын орнатыңыз.
Жалғағыш қақпағын
ашыңыз.
HDMI микро
жалғағышы (D түрі)
Ашаны енгізіңіз.
Микро-USB жалғағыш