Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

111
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Суреттерді теледидарда көру
1 Фотокамераны өшіріп, оны теледидарға жалғаңыз.
Ашалардың пішіні мен бағытын тексеріңіз және ашаны қырымен салмаңыз не
суырмаңыз.
2 Теледидардың кірісін сыртқы кіріске орнатыңыз.
Мәліметтер алу үшін теледидармен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
3 Фотокамераны қосу үшін c (қарау)
түймешігін басып тұрыңыз.
Суреттер теледидарда көрсетіледі.
4K UHD сапасындағы d 2160/30p (4K UHD)
немесе c 2160/25p (4K UHD) арқылы
сақталған бейнефильмдерді ойнату үшін 4K
пішіміне қолдау көрсететін теледидар және
HDMI кабелін пайдаланыңыз.
B HDMI кабелі жалғанған кездегі ескертпелер
Фотокамераны суретке түсіру режиміне ауыстырғанда, суретке түсіру экраны
көрсетіледі, бірақ HDMI кабелімен жалғанғанда түсіру мүмкін емес.
HDMI шығысы үшін экранда фотокамераның суретке түсіру экраны көрсетіледі,
бірақ дыбыс шықпайды.
HDMI шығысы үшін экранда суретке түсіру және фотосурет ақпараты
көрсетілмейді.
HDMI кабелі жалғанғанда сенсорлық әрекеттерді орындау мүмкін емес.
HDMI кабелі жалғанғанда желі мәзірін таңдау мүмкін емес.
Суреттерді теледидарда көру
HDMI микро жалғағышы
(D түрі)
HDMI ұяшығына