Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
116
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
ViewNX-i бағдарламалық құралын орнату
ViewNX-i — кескіндер мен бейнефильмдерді көру және өңдеу үшін
компьютерге тасымалдау мүмкіндігін беретін Nikon бағдарламалық
жасақтамасы.
ViewNX-i орнату үшін төмендегі веб-сайттан ViewNX-i орнату құралының ең
соңғы нұсқасын жүктеп, орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
https://downloadcenter.nikonimglib.com
Жүйе талаптары мен басқа ақпараттарды алу үшін өз аймағыңызға арналған
Nikon веб-сайтын қараңыз.
Кескіндерді компьютерге тасымалдау
Операциялық жүйе нұсқасын немесе бағдарламалық жасақтаманы жаңартқан
кезде, компьютер экранында көрсетілген элементтер өзгеруі мүмкін.
1 Суреттері бар жад картасын дайындаңыз.
Суреттерді жад картасынан компьютерге тасымалдау үшін төмендегі
әдістердің кез келгенін пайдалануға болады.
• SD жад картасының ұяшығы/жад картасын оқу құралы: Жад картасын
компьютердің карта ұяшығына немесе компьютерге қосылған жад картасын
оқу құралына (сатылымда бар) салыңыз.
• Тікелей USB жалғау: Фотокамераны өшіріңіз және фотокамераға жад
картасының салынғанына көз жеткізіңіз. Фотокамераны компьютерге USB
кабелін пайдаланып жалғаңыз.
Фотокамера автоматты түрде қосылады.
Фотокамераның ішкі жадында сақталған суреттерді көшіру үшін
фотокамераны компьютерге жалғаудан бұрын ішіндегі жад картасын алып
тастаңыз.
B Фотокамераны компьютерге жалғау туралы ескертпелер
Компьютерден барлық басқа USB қуаттайтын құрылғыларды ажыратыңыз.
Фотокамераны және қуатты USB арқылы алатын өзге құрылғыларды бір
компьютерге бір уақытта жалғау фотокамераның ақаумен жұмыс жасауына
немесе компьютерден фотокамераны немесе жад картасын зақымдауы мүмкін
шамадан тыс қуат мөлшерінің берілуіне әкелуі мүмкін.
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)










