Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

118
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
2 Nikon Transfer 2 жұмысты бастаған соң, Start Transfer
(Тасымалдауды бастау) түймешігін басыңыз.
Суретті тасымалдау басталады. Суретті тасымалдау аяқталған кезде,
ViewNX-i іске қосылады және тасымалданған суреттер көрсетіледі.
3 Байланысты ажыратыңыз.
Егер жад картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын пайдалансаңыз, жад
картасына сәйкес келетін ажырамалы дискіні суыру үшін компьютердің
операциялық жүйесіндегі тиісті параметрді таңдаңыз, содан кейін жад
картасын оқу құралынан немесе карта ұяшығынан алып тастаңыз.
Егер фотокамера компьютерге жалғанған болса, фотокамераны өшіріп, USB
кабельді суырыңыз.
C Capture NX-D
Фотосуреттерді жақсарту немесе RAW суреттеріне арналған параметрлерді өзгерту
үшін Nikon Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып, оларды басқа
пішімде сақтаңыз. Оны келесі веб-сайттан жүктеп алуға болады:
https://downloadcenter.nikonimglib.com
Start Transfer
(Тасымалдауды
бастау)