Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
128
Мəзірді пайдалану
Суретке түсіру мәзірі (жалпы суретке түсіру режимдері)
C Осы фотокамераның RAW кескіндері
• RAW кескіндерін осы фотокамерада өңдеу мүмкін емес.
• RAW кескіндерін компьютерде көру үшін ViewNX-i (A116) орнатылуы керек.
• RAW кескіндерін өңдеу не тікелей басып шығару мүмкін емес. RAW кескіндерін
компьютерге тасымалдасаңыз, содан кейін Capture NX-D (A118) сияқты
бағдарламалық жасақтаманы пайдалансаңыз, кескіндерді реттеуге не RAW
кескіндерін өңдеуге болады.
C RAW жəне JPEG кескіндерін бір уақытта сақтау
• Бір уақытта сақталатын RAW және JPEG кескіндері бірдей файл нөміріне ие
болады, бірақ олардың жеке кеңейтімдері сәйкесінше («NRW» және «JPG»)
болады (A205).
• Фотокамерада ойнату кезінде тек JPEG кескіні көрсетіледі.
• JPEG кескіні жойылғанда, онымен бірдей уақытта сақталған RAW кескіні де
жойылатынын ескеріңіз.
C Сақтауға болатын суреттер саны
• Сақтауға болатын кескіндердің болжалды санын түсіру кезінде экраннан
тексеруге болады (A23).
• JPEG сығымдауына байланысты сақтауға болатын кескіндер саны кескін
мазмұнына байланысты, тіпті, бірдей сыйымдылықты жад карталарын, бірдей
кескін сапасын және кескін өлшемі параметрлерін пайдаланғанда да әртүрлі
болуы мүмкін. Сондай-ақ сақтауға болатын суреттердің саны жад картасының
түріне байланысты өзгеріп отырады.
• Егер қалған кадрлар саны 10 000 немесе одан артық болса, қалған кадрлар
санының дисплейі «9999» шамасын көрсетеді.










