Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
129
Мəзірді пайдалану
Суретке түсіру мәзірі (жалпы суретке түсіру режимдері)
Image Size (Кескін өлшемі)
JPEG кескіндерін сақтау кезінде пайдаланылатын кескін өлшемін (пиксельдер
санын) орнатыңыз.
Кескін өлшемі үлкен болған сайын, оның басып шығарылу өлшемі де үлкен
болады, бірақ сақтауға болатын кескіндер саны қысқартылады.
Параметр сондай-ақ басқа суретке түсіру режимдеріне қолданылады.
* Сандық мәндер түсірілген пикселдер санын көрсетеді.
Мысалы: i 4608×3456 = шамамен 16 мегапиксель, 4608×3456 пиксель
B Суреттерді 1:1 кадр пішімінде басып шығару туралы ескертпелер
Суреттерді 1:1 кадр пішімінде басып шығару кезінде принтердің параметрін «Жиек»
опциясына өзгертіңіз.
Кейбір принтерлер суреттерді 1:1 кадр пішімінде басып шығара алмайды.
B Кескін өлшемі бойынша ескертпелер
• Кескін өлшемі келесі түсіру режимдерінде орнатылмайды:
- Time-lapse movie (Баяулатылған бейнефильм) және Easy panorama (Оңай
панорама) көрініс режимдері
- Қысқа кино көрінісі режимі
• Бұл функцияны басқа функциялармен тіркесімде пайдалану қолжетімсіз болуы
мүмкін (A80).
Суретке түсіру режиміне кіріңіз M d түймешігі M Image size (Кескін
өлшемі) M k түймешігі
Опция*
Кадр пішімі (көлденең күйден тік күйге)
i 4608×3456 (əдепкі параметр) 4:3
I 3264×2448 4:3
L 2272×1704 4:3
B 1600×1200 4:3
e 4608×2592 16:9
J 4608×3072 3:2
H 3456×3456 1:1










