Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
137
Мəзірді пайдалану
Суретке түсіру мәзірі (A, B, C немесе D режимі)
B Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру бойынша ескертпелер
• Суретке түсіру кезінде фотокамераның кенеттен өшіп қалуын болдырмау үшін
жеткілікті деңгейде зарядталған батареяны пайдаланыңыз.
• EH-62F айнымалы ток адаптері (бөлек сатылады; A206) пайдаланылса, бұл
фотокамераға электр розеткасы арқылы қуат беруге болады. Ешбір жағдайда
EH-62F үлгісінен басқа айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз. Осы сақтық
шараларын қолданбау фотокамераның шамадан тыс қызып кетуіне немесе
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру орындалып жатқанда режимді таңдау
дискісін басқа параметрге айналдырмаңыз. Суретке түсіру аяқталады.
• Егер ысырма жылдамдығы баяу болса және кескінді сақтау көрсетілген аралыққа
қарағанда көп уақытты алса, аралықты реттейтін таймері кезіндегі түсірілімдер
орындалмауы мүмкін.
• Сондай-ақ суретке түсіруді бастау үшін (суретке түсіруді аяқтау үшін емес) ML-L7
қашықтан басқару құралындағы (бөлек сатылады) ысырманы босату түймешігін
пайдалануға болады. Суретке түсіруді аяқтау үшін фотокамерадағы ысырманы
босату түймешігін басыңыз.










