Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
175
Мəзірді пайдалану
Реттеу мәзірі
Charge by Computer (Компьютер арқылы зарядтау)
B Компьютермен зарядтау мүмкіндігі туралы ескертпелер
• Компьютерге жалғанғанда, фотокамера қосылып, зарядталуды бастайды.
Фотокамера өшірілсе, зарядтау тоқтайды.
• Қуаты толық аяқталған батареяны зарядтау үшін шамамен 5 сағат қажет. Батарея
зарядталып жатқан кезде суреттер көшірілсе, зарядталу уақыты ұлғаяды.
• Батареяның зарядталуы аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде компьютермен
ешқандай байланыс болмаса, фотокамера автоматты түрде өшеді.
B Іске қосылу шамы (зарядтау шамы) жылдам жыпылықтаған кезде
Төменде берілген себептерге байланысты зарядталмауы мүмкін.
• Қоршаған орта температурасы зарядтауға сәйкес келмейді. Батареяны ғимарат
ішінде 5–35°C шамасындағы қоршаған орта температурасында зарядтаңыз.
• USB кабелі дұрыс жалғанбаған немесе батареяның ақауы бар. USB кабелінің
дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз немесе қажет болса, батареяны ауыстырыңыз.
• Компьютер ұйқы режимінде және қуат бермейді. Компьютерді оятыңыз.
• Батареяны зарядтау мүмкін емес, себебі компьютер параметрлеріне немесе
техникалық сипаттамаларына байланысты фотокамераға қуат бере алмайды.
d түймешігін M z мəзір белгішесін M Charge by computer (Компьютер
арқылы зарядтау) M k түймешігін басыңыз
Опция Сипаттамасы
a Auto
(Автоматты)
(əдепкі
параметр)
Фотокамера, жұмыс істеп тұрған компьютерге жалғанған кезде
(A110), фотокамераға салынған батарея компьютер
ұсынатын қуат арқылы автоматты түрде зарядталады.
• Батарея зарядталып жатқанда іске қосылу шамы (зарядтау
шамы) ақырын жыпылықтайды. Зарядтау аяқталған кезде,
іске қосылу шамы (зарядтау шамы) жыпылықтаудан қосулыға
өзгереді.
Off (Өшірулі)
Фотокамера компьютерге жалғанған кезде фотокамера ішіне
салынған батарея зарядталмайды.










