Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

184
Техникалық ескертпелер
Сымсыз байланыс функциялары бойынша ескертпелер
Сымсыз құрылғыларға қойылатын шектеулер
Осы өнімде бар сымсыз трансивер сауда жасалатын елдегі сымсыз
құрылғыға қатысты ережелерге сәйкес келеді және басқа елдерде
қолданысқа жарамайды (ЕО немесе ЕФТА аймағында сатып алынған
өнімдерді сол аймақ ішіндегі кез-келген жерде қолдануға болады). Өнімдер
басқа елдерде қолданылған жағдайда Nikon компаниясы жауапты болмайды.
Өнімнің қай елден сатып алынғанынан бейхабар пайдаланушылар жергілікті
Nikon қолдау көрсету орталығымен немесе Nikon рұқсаты бар қолдау көрсету
өкілдерімен кеңесуі керек. Бұл шектеу тек сымсыз операцияларға
қолданылады, ал өнімнің басқалай пайдаланылуына қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Бұл өнім артықшылықтарының бірі—өз ауқымында басқаларға деректерді
сымсыз алмасу үшін оңай қосылу мүмкіндігін береді, дегенмен, қауіпсіздік іске
қосылмаса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін:
Деректердің ұрлануы: қаскүнем үшінші тарап пайдаланушы
идентификаторын, құпия сөздерді және басқа да жеке ақпаратты ұрлау
үшін сымсыз хабар алмасуды қолға түсіруі мүмкін.
Рұқсатсыз кіру: рұқсаты жоқ пайдаланушылар желіге кіріп, деректерді
өзгертуі немесе басқа да зиянды әрекеттер жасауы мүмкін. Қауіпсіздік
қосылған кезде де, рұқсаты жоқ пайдаланушылар сымсыз желілердің
құрылымы арқасында арнайы шабуылдар жасап, желіге кіре алатынын
ескеріңіз. Деректерді тасымалдау барысындағы деректердің не ақпараттың
жайылып кетуіне Nikon жауапты емес.
Смартфон не планшетіңізде көрініп тұрса да, пайдалануға рұқсат етілмеген
желілерге кірмеңіз. Мұндай әрекет рұқсатсыз кіру ретінде қарастырылуы
мүмкін. Рұқсат етілген желілерге ғана кіріңіз.
Жеке ақпаратты басқару жəне құқықтан бас тарту
Өнімде тіркелген және конфигурацияланған сымсыз жергілікті желі
байланыс параметрлері және басқа да жеке ақпарат секілді пайдаланушы
деректері операциялық қате, статикалық ток, апат, істен шығу, жөндеу
немесе басқа да себепке байланысты өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін.
Әрқашан маңызды ақпараттың көшірмелерін бөлек сақтаңыз. Nikon
корпорациясына қатысы жоқ мазмұнның өзгеруі немесе жоғалуы
нәтижесінде болған тікелей немесе жанама зақымдарға, кірістің жоғалуына
Nikon корпорациясы жауапты болмайды.
Өнімді тастаудан немесе басқа иеленушіге беруден бұрын өнімде тіркелген
және конфигурацияланған сымсыз жергілікті желі байланыс параметрлері
және басқа да жеке ақпарат секілді барлық пайдаланушы деректерін жою
үшін орнату мәзірінде (A120) Reset all (Барлығын қалпына келтіру)
операциясын орындаңыз.
Өнім ұрланғанда не жоғалғанда оны үшінші тараптың рұқсатсыз
пайдалануынан болатын кез келген зақымдар үшін Nikon жауапты емес.
Сымсыз байланыс функциялары бойынша
ескертпелер