Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

186
Техникалық ескертпелер
Өнімге күтім жасау
Құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде «Қауіпсіздік шаралары» (Avi-ix)
бөлімінде берілген ескертулерге қосымша төменде көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Фотокамера
Фотокамераға қатты соққы тигізбеңіз
Өнім қатты соққыға немесе дірілге ұшыраса, істен шығуы мүмкін. Сонымен қоса
объективті немесе объектив қақпағын ұстамаңыз не қатты қыспаңыз.
Құрғақ күйде ұстаңыз
Құрылғы суға батырылса немесе жоғары ылғалдылық әсеріне ұшыраса,
зақымдалады.
Температураның оқыс өзгерістерін болдыртпаңыз
Салқын ауа-райында жылы ғимаратқа кірген немесе шыққан кезде орын алатын
температураның оқыс өзгерістері құрылғы ішінде конденсаттың түзілуіне әкелуі
мүмкін. Конденсаттың түзілуіне жол бермеу үшін құрылғыны температураның оқыс
өзгерісіне ұшыратпас бұрын тасымалдауға арналған қапқа немесе пластмасса
сөмкеге салыңыз.
Қарқынды магнит өрістерінен алшақ жерде ұстаңыз
Бұл құрылғыны қарқынды электрмагниттік радиация немесе магниттік өрістер
тудыратын жабдықтың маңайында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Бұл
әрекеттер деректердің жойылуына немесе фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Объективті ққарқынды жарық көздеріне ұзақ уақыт бойы
бағыттамаңыз
Фотокамераны пайдаланған немесе сақтаған кезде объективті күнге немесе өзге де
қарқынды жарық көздеріне ұзақ уақыт бойы бағыттамаңыз. Қарқынды жарық кескін
сенсорының нашарлауына әкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлыңғыр әсер
туғызуы мүмкін.
Қуат көзінен немесе жад картасын суыру немесе
ажыратудан бұрын өнімді өшіріп тастаңыз
Өнім қосулы кезде немесе суреттер сақталып немесе өшіріліп жатқанда батареяны
алмаңыз. Бұл жағдайларда қуатты күштеп үзу деректердің жоғалуына немесе жад
картасына не ішкі тізбекке зақым келтіруі мүмкін.
Өнімге күтім жасау