Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

187
Техникалық ескертпелер
Өнімге күтім жасау
Монитор туралы ескертпелер
Мониторлар (электрондық көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дәлдікпен
құрастырылған; кем дегенде пиксельдердің 99,99%-ы тиімді нәтиже береді,
көрінбейтін немесе ақауы бар пиксельдер 0,01%-дан аспайды. Сондықтан осы
дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк және жасыл) немесе
әрдайым өшірулі болатын (қара) пиксельдер болуы мүмкін, бұл ақаулық болып
табылмайды және осы құрылғымен түсірілген суреттерге еш әсер етпейді.
Қарқынды жарық астында монитордағы суреттерді көру қиындауы мүмкін.
Мониторға қысым түсірмеңіз, бұл зақымдалуға немесе қате жұмыс істеуге әкелуі
мүмкін. Монитор сынса, сынған әйнектен жарақат алу және дисплейдегі сұйық
кристалдың теріге тию, көзге не ауызға кіру қаупі болатындықтан, абай болыңыз.
Батарея
Пайдалану бойынша сақтық шаралар
Пайдаланған соң батареяның ыстық болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Батареяны 0°C-тан төмен немесе 40°C-тан жоғары қоршаған орта
температурасында пайдаланбаңыз, бұл зақымдалуға немесе қате жұмыс істеуге
әкелуі мүмкін.
Батареядан шығып жатқан шамадан тыс ыстық, түтін немесе ерекше иіс секілді
қалыптан тыс жағдайларды байқасаңыз, пайдалануды тез арада тоқтатып,
сатушыдан немесе Nikon рұқсат еткен қызмет көрсету өкілінен кеңес алыңыз.
Фотокамерадан немесе қосымша зарядтау құрылғысынан алғаннан кейін
батареяны оқшаулау үшін пластмассадан жасалған сөмкеге, т.б. салыңыз.
Батареяны зарядтау
Фотокамераны пайдаланудан бұрын батарея деңгейін тексеріңіз және қажет болса,
батареяны ауыстырыңыз немесе зарядтаңыз.
Пайдаланбас бұрын батареяны қоршаған орта температурасы 5-35°C болатын
бөлме ішінде зарядтаңыз.
Батареяның жоғары температурасы оның дұрыс немесе толық зарядталуына
кедергі келтіріп, өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны қолданған соң қызып
кетуі мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтаудан бұрын батареяның салқындауын күтіңіз.
Фотокамераға салынған батареяны зарядтаушы айнымалы ток адаптерін немесе
компьютерді пайдаланып зарядтаған кезде батарея 0°C деңгейінен төмен немесе
50°C деңгейінен жоғары температурада зарядталмайды.
Батарея толық зарядталғаннан кейін зарядтауды жалғастырмаңыз, себебі бұл
батарея жұмысының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Зарядтау кезінде батарея температурасының жоғарылауы мүмкін. Алайда бұл
ақаулық емес.
Қосымша батареяны алып жүру
Мүмкін болса, маңызды іс-шараларда суретке түсіргенде, толық зарядталған
қосымша батареяларды алып жүріңіз.
Батареяны суық ауа-райында пайдалану
Суық күндері батареялардың сыйымдылығы төмендейді. Егер қуаты таусылған батарея
төмен температурада пайдаланылса, фотокамераның қосылмауы мүмкін. Қосымша
батареяларды жылы жерде ұстаңыз және қажет болса, ауыстырыңыз. Жылығаннан
кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігін қайтаруы мүмкін.