Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

188
Техникалық ескертпелер
Өнімге күтім жасау
Батарея түйіспелері
Батареяның түйіспелеріндегі кір фотокамераның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
мүмкін. Батарея түйіспелері лас болса, пайдаланудан бұрын оларды таза, құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
Қуаты таусылған батареяны зарядтау
Фотокамераға қуаты таусылған батареяны салған кезде фотокамераны қосу
немесе өшіру батареяның жарамдылық мерзімін қысқартуы мүмкін. Пайдаланбас
бұрын қуаты таусылған батареяны зарядтаңыз.
Батареяны сақтау
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе қосымша батареяны
зарядтау құрылғысынан әрдайым алып тастаңыз. Фотокамера ішінде болған
кезде, тіпті пайдаланылмаса да, батареядан токтың аздаған мөлшері алынады. Бұл
батарея қуатының тез таусылуына және қызмет етуінің толығымен тоқтауына
әкелуі мүмкін.
Пайдаланылған батареяны алты ай ішінде зарядтау ұсынылады. Батареяны ұзақ
уақытқа сақтағанда, оны әр алты айда кемінде бір рет қайта зарядтап,
фотокамераны сақтауға дейін оны батарея деңгейінің индикаторы B болғанша
пайдаланыңыз.
Батареяны оқшаулау және салқын жерде сақтау үшін пластмасса сөмкеге, т.б.
салыңыз. Батарея қоршаған орта температурасы 15-25°C болатын құрғақ орында
сақталуы керек. Батареяны ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
Батареяның қызмет мерзімі
Бөлме температурасында пайдаланған кезде толықтай зарядталған батарея
қуатының тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа батарея сатып алыңыз.
Пайдаланылған батареяларды кəдеге жарату
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, алдымен түйіспе
тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.
Зарядтаушы айнымалы ток адаптері
EH-73P зарядтаушы айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен
қолданылуы тиіс. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге
пайдаланбаңыз.
UC-E21 түрінен басқа USB кабелін пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB
кабельді пайдалану өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына
алып келуі мүмкін.
EH-73P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерінен басқа айнымалы ток
адаптерінің өзге түрін немесе үлгісін, сондай-ақ сатып алуға болатын
USB-айнымалы ток адаптерін немесе ұялы телефон батареясын зарядтау
құрылғысын ешбір жағдайда пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау
фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
EH-73P құрылғысы айнымалы тогы 100 В–240 В, 50/60 Гц электр розеткаларымен
үйлесімді. Өзге елдерде пайдаланған кезде қажет болса, ашалы адаптерді (еркін
сатылымда бар) пайдаланыңыз. Ашалы адаптерлерге қатысты қосымша мәлімет
алу үшін саяхат агенттігіне хабарласыңыз.