Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

189
Техникалық ескертпелер
Өнімге күтім жасау
Жад карталары
Пайдалану бойынша сақтық шаралар
Тек Secure Digital жад карталарын пайдаланыңыз (A215).
Жад картасымен бірге берілген құжаттамада сипатталған сақтық шараларын
орындаңыз.
Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы
құлыпталса, суретке түсіру, кескіндерді жою немесе жад
картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
Жад карталарына жапсырмаларды немесе стикерлерді
жабыстырмаңыз.
Пішімдеу
Жад картасын компьютерді пайдалану арқылы пішімдемеңіз.
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған
кезде оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз. Жаңа жад карталарын
осы фотокамерада пайдаланудан бұрын оларды осы фотокамера арқылы
пішімдеуге кеңес береміз.
Жад картасын пішімдеу жад картасындағы барлық суреттер мен басқа
деректерді қайта қалпына келмейтіндей жоятынын ескеріңіз. Жад картасын
пішімдеуден бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды
ұмытпаңыз.
Фотокамера қосылған кезде Card is not formatted. Format card? (Карта
пішімделмеген. Картаны пішімдеу қажет пе?) хабары пайда болса, жад
картасы пішімделуі тиіс. Өшіргіңіз келмейтін деректер бар болса, No (Жоқ)
параметрін таңдаңыз. Қажетті деректерді компьютерге, т.б. жерге көшіріңіз. Жад
картасын пішімдегіңіз келсе, Yes (Иə) түймесін басыңыз. Растау диалогтық
терезесі пайда болады. Пішімдеуді бастау үшін k түймешігін басыңыз.
Пішімдеу кезінде деректер жад картасына жазылып немесе өшіріліп жатқанда
немесе деректерді компьютерге көшіру барысында келесі әрекеттерді
орындамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау деректердің жоғалуына немесе
фотокамера немесе жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін:
- Батареяны немесе жад картасын алу/салу үшін батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашу.
- Фотокамераны өшіру.
- Айнымалы ток адаптерін ажырату.
16
GB
Жазудан қорғау
ажыратқышы