Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
190
Техникалық ескертпелер
Тазалау және сақтау
Тазалау
Спирт, еріткіш не басқа буланғыш химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алып
тастаңыз. Зең басып кетпес үшін фотокамераны кемінде айына бір рет
сақталған жерден шығарыңыз.
Фотокамераны қосып, оны қайтадан орнына қоймас бұрын ысырманы
бірнеше рет босатыңыз. Фотокамераны келесі орындардың ешқайсысында
сақтамаңыз:
• Дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60%-дан астам жерлерде
• 50°C-тан жоғары немесе –10°C-тан төмен орталарда
• Теледидар немесе радио сияқты күшті электрмагниттік өрістер шығаратын
құрылғылардың жанында
Батареяны сақтау үшін «Өнімге күтім жасау» (A 186) бөлімінің «Батарея»
(A187) тақырыбындағы сақтық шараларды орындаңыз.
Тазалау жəне сақтау
Объектив/
көріністапқыш
әйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Шаң-тозаңды ауа
үрлегішпен (әдетте бір ұшынан ауа ағынын шығару үшін басылатын
келесі ұшына жалғанған резеңке баллоны бар кішігірім құрылғы
болып табылады) кетіріңіз. Ауа үрлегішпен кетпейтін саусақ іздерін
немесе өзге дақтарды кетіру үшін объективті ортасынан бастап,
шеттеріне қарай бағытталған спиральді қозғалыстар көмегімен
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Егер бұл нәтиже бермесе, объективті
еркін сатылымдағы объектив тазалағышымен аздап ылғалданған
шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Шаң-тозаңды ауа үрлегішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен өзге
дақтарды кетіру үшін мониторды жұмсақ, құрғақ шүберекпен қысым
түсірмей сүртіңіз.
Корпус
Шаңды, кірді немесе құмды кетіру үшін ауа үрлегішті пайдаланыңыз,
одан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен мұқият сүртіңіз. Фотокамераны
жағалауда немесе басқа құмды не шаңды ортада пайдаланғаннан
кейін таза суға аздап малынған жұмсақ шүберекпен құмды, шаңды
немесе тұзды сүртіп, мұқият құрғатыңыз. Фотокамера ішіндегі бөгде
зат кепілдікте қамтылмайтын зақым келтіруі мүмкін екенін
ескеріңіз.










