Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
205
Техникалық ескертпелер
Файл атаулары
Суреттерге немесе бейнефильмдерге файл атаулары төмендегідей ретте
беріледі.
B Ескертпелер
Image quality (Кескін сапасы) (A127) параметрін RAW + Fine (RAW + Жоғары)
не RAW + Normal (RAW + Қалыпты) күйіне орнатып, кескіндерді түсіру кезінде бір
уақытта сақталған RAW және JPEG кескіндеріне бірдей идентификатор мен файл
нөмірі тағайындалады. Кескіндер жұбы бір қалтаға сақталады және бір файл ретінде
саналады.
C Файлдарды сақтауға арналған қалталар
Осы фотокамерамен түсірілген не жазылған фотосуреттер мен бейнефильмдер
жад картасының немесе ішкі жадтың қалталарында сақталады.
• Реттік нөмірлер қалта атауларына «100» санынан басталып, «999» санына
аяқталатын өсу ретімен қосылады.
• Жаңа қалта келесі жағдайларда жасалады:
- Қалтадағы файлдар саны 999-ға жеткенде
- Қалтадағы файл «9999» болып нөмірленген кезде
Файл атаулары
(1) Идентификатор
Фотокамера экранында көрсетілмеген.
• DSCN: Бастапқы фотосуреттер, бейнефильмдер,
бейнефильмдерді өңдеу функциясы арқылы жасалған
фотосуреттер
• RSCN: Кесілген көшірмелер
• FSCN: Қиюдан басқа суретті өңдеу функциясы арқылы
жасалған суреттер, бейнефильмді өңдеу функциясы арқылы
жасалған бейнефильмдер
(2) Файл нөмірі
«0001» нөмірінен бастап, «9999» нөмірімен аяқталатын өсу
ретімен тағайындалған.
• Кескіндер қатары аралықты реттейтін таймер арқылы
түсірілген сайын жаңа қалта жасалады және кескіндер
«0001» нөмірінен басталатын файл нөмірлері бар сол
қалтада сақталады.
(3) Кеңейтім
Файл пішімін көрсетеді.
• .JPG: JPEG фотосуреттері
• .NRW: RAW фотосуреттері
• .MP4: Бейнефильмдер
(3)(2)(1)
.JPG0001DSCN
Файл атауы:










