Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

8
Фотокамера бөлшектері
Сенсорлық панельді басқару
Шерту
Сенсорлық панельде саусақты жоғары, төмен,
солға немесе оңға сырғытыңыз.
Қарау барысында алдыңғы немесе келесі
кескінді көрсетеді (толық өлшемде қарау).
Мәзірлерде және сурет нобайын қарау
режимінде экранды жүгіртеді.
Сырғыту
Сенсорлық панельді түртіп, саусақты жоғары,
төмен, солға немесе оңға сырғытып, жіберіңіз.
Мәзірлерде және сурет нобайын қарау
режимінде экранды жүгіртеді.
Масштабталған кескін көрсетілгенде, дисплей
диапазонын жылжытады.
Қолданушы жүгірткісіндегідей жүгірткілерді
басқарады.
Бейнефильмдерді өңдегенде бастау немесе аяқтау нүктесін реттейді.
Ашу/қысу
Сенсорлық панельді екі саусақпен түртіп, оларды
ашыңыз немесе қысыңыз.
Сурет нобайын қарау бөлімінде көрсетілген
сурет нобайларының санын өзгертеді.
Қарау барысында кескінді ұлғайтады немесе
кішірейтеді.