Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

206
Техникалық ескертпелер
Керек-жарақтар
Қол жетімділігі елге немесе аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Соңғы ақпарат үшін біздің сайтты немесе брошюраларды қараңыз.
Керек-жарақтар
Батарея
зарядтағыш
MH-65 Батарея зарядтағыш
Толық таусылған батареяны зарядтау уақыты—2 сағат және
30 минут.
Айнымалы ток
адаптері
EH-62F Айнымалы ток адаптері
(көрсетілгендей етіп жалғаңыз)
Айнымалы ток адаптерін батарея бөліміне енгізбес бұрын қуат
жалғағышы кабелі ұяшығына толығымен енгізілгенін тексеріңіз.
Сонымен қоса батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағын жаппас бұрын қуат жалғағышының кабелі батарея
бөлімінің ұяшығына толығымен енгізілгеніне көз жеткізіңіз. Егер
кабель бөлігі ұяшықтардан шығып қалса, қақпақты жапқан кезде
қақпақ немесе кабель зақымдалуы мүмкін.
Қашықтан
басқару
құралының
керек-жарақтары
ML-L7 қашықтан басқару құралы
Оны пайдалану әдісі туралы ақпарат алу үшін «ML-L7 қашықтан
басқару құралы» (A207) бөлімін қараңыз.