Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
207
Техникалық ескертпелер
Керек-жарақтар
ML-L7 қашықтан басқару құралы
Бөлек сатылатын ML-L7 қашықтан басқару құралын фотокамерамен
жұптастырып (A209), фотокамераны басқару үшін оны пайдалануға болады.
«
Қашықтан басқару құралының бөлшектері мен функциялары (COOLPIX A1000
үшін)
» (A207) бөлімінде сипатталған операцияларды осы фотокамерамен
суретке түсіргенде орындауға болады.
• Фотокамераны бір уақытта тек бір қашықтан басқару құралымен
жұптастыруға болады. Фотокамера басқа қашықтан басқару құралымен
жұптасқанда, ең соңғы жұптасқан қашықтан басқару құралы ғана қосылады.
• ML-L7 қашықтан басқару құралымен бірге берілген пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
Қашықтан басқару құралының бөлшектері мен
функциялары (COOLPIX A1000 үшін)
Басқару элементі Функция
1– түймесі/+ түймесі
Суретке түсіру экраны көрсетіліп тұрғанда, –
түймесі басылғанда кішірейтеді және + түймесі
басылғанда ұлғайтады.
2
Бейнефильмді жазу
түймесі
Түйме басылғанда бейнефильмді жазуды
бастайды және қайта басылғанда жазуды
тоқтатады.
3 Мульти селектор
• Жарқыл режимі (A58), автоматты таймер
(A61), фокустау режимі (A63), қолданушы
жүгірткісі (A66) және экспозиция түзетілімі
(A68) сияқты суретке түсіру экранындағы
параметрлерді конфигурациялауға мүмкіндік
беретін фотокамерадағы мульти селекторға
ұқсас функциялар.
• Қолмен реттелетін фокусты пайдаланғанда
фокустауды HI (A64) мульти
селекторымен реттеуге болады.
1
2
3
4
5
7
8
6










