Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

215
Техникалық ескертпелер
Техникалық сипаттар
Пайдалануға болатын жад карталары
Фотокамера SD, SDHC және SDXC жад карталарын қолдайды.
Фотокамера UHS-I қолдайды.
Бейнефильмдер жазу үшін 6 (V6 бейне жылдамдығының санаты) немесе
одан да жылдамырақ SD жылдамдық санатының рейтингі бар жад
карталарын пайдалану ұсынылады. Movie options (Бейнефильм
опциялары) параметрі d 2160/30p (4K UHD) немесе c 2160/25p (4K
UHD) күйіне орнатылғанда, UHS 3 немесе одан жылдамырақ жылдамдық
санатындағы (V30 бейне жылдамдығының санаты) жад карталарын
пайдалану ұсынылады. Төмендеу жылдамдық санатының рейтингі бар жад
картасын пайдаланған кезде бейнефильмді жазу әрекеті оқыс тоқтауы
мүмкін.
Жад картасын оқу құралын пайдалансаңыз, оның жад картасымен
үйлесімді екенін тексеріңіз.
Мүмкіндіктер, операциялары және пайдалану шектеулері туралы ақпарат
алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
Сауда белгісі туралы ақпарат
WindowsMicrosoft Corporation корпорациясының Құрама Штаттарда
және/немесе басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда
белгісі.
Bluetooth
®
сөз белгісі және логотиптері Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі
тіркелген сауда белгілері болып табылады Nikon корпорациясы мұндай
белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады.
Apple
®
, App Store
®
, Apple логотиптері, Mac, OS X, macOS, iPhone
®
,
iPad
®
, iPod touch
®
және iBooks Apple Inc. компаниясының АҚШ және
басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Android, Google Play және Google Play логотипі Google LLC
компаниясының сауда белгілері болып табылады. Android роботы
Google жасап, бөліскен туынды негізінде дайындалған және ол Creative
Commons 3.0 авторлық лицензиясына сай пайдаланылады.
IOS — АҚШ және басқа елдердегі Cisco Systems, Inc. компаниясының
сауда белгісі не тіркелген сауда белгісі және лицензия негізінде
пайдаланылады.
Adobe, Adobe логотипі, Acrobat және Reader — Adobe Systems
Incorporated корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/
немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда
белгілері.
SDXC, SDHC және SD логотиптері — SD-3C, LLC компаниясының сауда
белгілері.
PictBridge сауда белгісі болып табылады.