Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
9
Фотокамера бөлшектері
Сенсорлық панельді басқару
B Сенсорлық панель туралы ескертпелер
• Осы фотокамераның сенсорлық панелі сыйымдылықты түр болып табылады. Оны
тырнақпен немесе қолғап киіп түрткенде, ол жауап бермеуі мүмкін.
• Сенсорлық панельді үшкір, қатты заттармен баспаңыз.
• Сенсорлық панельді күш салып баспаңыз немесе ысқыламаңыз.
• Сатылымда бар қорғаныс пленканы қолданғанда сенсорлық панель жауап
бермеуі мүмкін.
B Сенсорлық панельді пайдалану туралы ескертпелер
• Егер саусағыңыз сенсорлық панельге тиіп тұрса немесе сенсорлық панельді
түрткенде оған басқа зат тиіп тұрса, фотокамера дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Сырғыту/ашу/қысу барысында келесі әрекеттерді орындасаңыз, фотокамера
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
- Сенсорлық панельді басу
- Саусақтардың жылжитын аралығы тым қысқа
- Саусақты жылжытқанда сенсорлық панельді ақырын түртіңіз
- Саусақ өте жылдам жылжиды
- Ашқандағы/қысқандағы екі саусақтың арасындағы уақыт айырмашылығы өте
үлкен
C Сенсорлық əрекетті қосу немесе ажырату
Орнату мәзірінде Touch-screen controls (Сенсорлық экран басқару құралдары)
бөлімі арқылы сенсорлық әрекетті қосуға немесе ажыратуға болады (A120).










