Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

iii
Кіріспе
Маңызды ақпарат
Кіріспе
Nikon COOLPIX A1000 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін алғыс
айтамыз.
Осы нұсқаулықта пайдаланылатын белгілер мен
шартты белгілер
«Жылдам тақырып іздеу» (Aii) көрсету үшін әр беттің төменгі оң жағындағы
түймешігін нұқыңыз не басыңыз.
Белгілер
SD, SDHC және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары»
деп аталады.
Смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар» деп аталады.
Сатып алу кезінде орнатылған параметр «әдепкі параметр» деп аталады.
Фотокамера экранында көрсетілетін мәзір элементтерінің атаулары және
компьютер экранында көрсетілетін түймешіктердің атаулары не хабарлар
қалың қаріппен көрсетіледі.
Бұл нұсқаулықта экран индикаторлары анық көрінуі үшін суреттер кейде
экран дисплейі нұсқаларынан түсіп қалдырылуы мүмкін.
Маңызды ақпарат
Белгі Сипаттамасы
Бұл белгіше фотокамераны пайдаланудан бұрын оқылуы тиіс
сақтық ескертпелер мен мәліметті білдіреді.
Бұл белгіше фотокамераны пайдаланудан бұрын оқылуы тиіс
ескертпелер мен мәліметті білдіреді.
Бұл белгіше сәйкес мәліметті қамтитын өзге беттерді көрсетеді.