Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

16
Жұмысты бастау
Батареяны және жад картасын салу
Батареяның оң зарядты және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған
күйде қызғылт-сары батарея ілмегін жылжытыңыз (3) және батареяны
салыңыз (4).
Жад картасын орнына сырт етіп түскенше сырғытыңыз (5).
Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратқан күйі немесе
керісінше енгізбеңіз, бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі
мүмкін.
Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы құлыпталса, суретке
түсіру, кескіндерді жою немесе жад картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді
жад картасында да, ішкі жадта да сақтауға болады. Ішкі жадты пайдалану
үшін жад картасын шығарып алыңыз.
B Жад картасын пішімдеу
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде
оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
Жад картасын пішімдеу жад картасындағы барлық суреттер мен басқа
деректерді қайта қалпына келмейтіндей жоятынын ескеріңіз. Жад картасын
пішімдеуден бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды
ұмытпаңыз.
Фотокамераға жад картасын салыңыз, d түймешігін басыңыз және орнату
мәзірінен (A120) Format card (Картаны өшіру) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз,
содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз.
Батареяны шығару үшін батарея ілмегін жылжытыңыз.
Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамераға мұқият
итеріңіз.
Фотокамераны қолданған соң фотокамераны, батареяны және жад
картасын ұстағанда сақ болыңыз, себебі ыстық болуы мүмкін.
Батареяны жəне жад картасын салу
Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы