Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

17
Жұмысты бастау
Батареяны зарядтау
* Ашалы адаптер сатып алу еліне немесе аймағына байланысты беріледі.
Ашалы адаптердің пішіні сатып алу еліне немесе ауданына байланысты әр
түрлі болады.
Суретте көрсетілгендей батареяны салған кезде фотокамера розеткаға
қосылса, зарядтау басталады. Батарея зарядталып жатқанда іске қосылу
шамы (зарядтау шамы) ақырын жыпылықтайды.
Зарядтау аяқталған кезде іске қосылу шамы (зарядтау шамы) өшеді.
Зарядтаушы айнымалы ток адаптерін розеткадан ажыратып, одан кейін USB
кабелін ажыратыңыз.
Толық таусылған батареяны зарядтау уақыты — шамамен 2 сағат және
30 минут.
Іске қосылу шамы (зарядтау шамы) жылдам жыпылықтаса, батарея
зарядталмайды, бұған төмендегілердің бірі себеп болуы мүмкін.
- Қоршаған орта температурасы зарядтауға сәйкес келмейді.
- USB кабелі немесе зарядтаушы айнымалы ток адаптері дұрыс
қосылмаған.
- Батарея зақымдалған.
B USB кабелі туралы ескертулер
USB түрінен басқа UC-E21 кабелін пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB
кабельді пайдалану өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына алып
келуі мүмкін.
Ашалардың пішіні мен бағытын тексеріңіз және ашаны қырымен салмаңыз не
суырмаңыз.
Батареяны зарядтау
Іске қосылу шамы (зарядталу шамы)
Розетка
USB кабелі (жинаққа кіреді)
Зарядтаушы айнымалы ток адаптері*