Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
24
Негізгі түсіру жəне қарау операциялары
Суретке түсіру
3 Суретті кадрға алыңыз.
• Масштабтау объективінің күйін өзгерту үшін масштабты басқару тетігін
немесе бүйірлік масштабтауды басқару тетігін жылжытыңыз.
• Телефото күйінде объектив арқылы суретке түсіру кезінде нысан көрінбей
қалса, нысанды кадрға оңай енгізу мақсатында көрінетін аумақты уақытша
кеңейту үшін q (қайтпа масштаб) түймешігін басыңыз.
4 Ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз.
• Ысырманы босату түймешігін «жартылай»
басу деп түймешікті басқанда жеңіл
қарсылық байқалатын кезге дейін түймені
басып тұруды айтамыз.
• Нысан фокусқа алынғанда, фокустау
аумағы немесе фокустау индикаторы
жасыл болып көрінеді.
• Сандық масштабтауды пайдаланғанда,
фотокамера кадрдың ортасын фокусқа
алады, ал фокустау аумағы көрсетілмейді.
• Егер фокустау аумағы немесе фокустау
индикаторы жыпылықтаса, фотокамера
фокустай алмайды. Кадр жиектемесін
өзгертіп, ысырманы босату түймешігін
қайтадан жартылай басып көріңіз.
5 Саусағыңызды көтермей,
ысырманы босату түймешігін толық
басыңыз.
Кішірейту Ұлғайту
Ұлғайту
Кішірейту
1 / 25 0
1/250
F 3 .4
F3.4
Фокустау аумағы










