Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

25
Негізгі түсіру жəне қарау операциялары
Суретке түсіру
B Кескіндерді немесе бейнефильмдерді сақтауға қатысты
ескертпелер
Кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқан кезде, қалған кадрлар санын
көрсететін индикатор немесе қалған жазу ұзақтығын көрсететін индикатор
жыпылықтайды. Индикатор жыпылықтап тұрған кезде, батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад картасын
алмаңыз. Бұлай ету деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад
картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
C Auto Off (Автоматты өшу) функциясы
Бір минут ішінде ешбір операция орындалмаса, экран өшіп, фотокамера күту
режиміне өтеді және іске қосылу шамы жыпылықтайды. Фотокамера күту
режимінде шамамен үш минут болған соң өшеді.
Фотокамера күту режимінде болғанда экранды қайта қосу үшін қуат ажыратқышын
не ысырманы босату түймешігін басу сияқты операцияны орындаңыз.
C Штативті пайдаланғанда
Келесі жағдайларда фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдалануды ұсынамыз:
- Жарық жеткіліксіз болған жағдайда жарқыл режимі W (өшірулі) күйіне орнатылған
күйде суретке түсіргенде
- Масштабтау телефото күйінде болған кезде
Суретке түсіру кезінде фотокамераны қозғалтпау үшін штативті пайдаланғанда
және осы функция салдарынан болатын қателердің алдын алу үшін реттеу
мәзіріндегі (A120) Photo VR (Фотосурет ДА) параметрін Off (Өшірулі) күйіне
орнатыңыз.
Жарқылды пайдалану
Қараңғы жерлерде немесе нысанның
артқы жағы жанып тұрған жағдайлар
сияқты жарқыл қажет сәттерде жарқылды
күшейту үшін K (жарқылдың шығуын
басқару тетігі) басқару элементін
жылжытыңыз.
Суретке түсіру экраны көрсетілген
кезде, жарқыл режимін орнату үшін
H (m) мульти селекторын басуға
болады. Жарқылды әрқашан жанатын
етіп орнату үшін m (толықтырғыш
жарқыл) параметрін таңдаңыз.
Жарқылды пайдаланбағанда, оны түсіру үшін сырт етіп орнына түскенше
абайлап басыңыз.
Бейнефильмдерді жазу
Бейнефильмді жазуды бастау үшін суретке түсіру
экранын көрсетіңіз және b (e бейнефильмді
жазу) түймешігін басыңыз. Түсіруді аяқтау үшін b
(e) түймешігін қайта басыңыз.