Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

iv
Кіріспе
Маңызды ақпарат
Мəлімет пен сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы
білім алу ұстанымы» аясында үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде
келесі веб-сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: https://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылары үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
берілген жауаптарды және сандық кескіндерге және фотосурет түсіруге қатысты
жалпы кеңес алып отыру үшін осы веб-сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты
аймақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметін алу үшін төмендегі
веб-сайтқа кіріңіз.
https://imaging.nikon.com/
Nikon брендінің электрондық керек-жарақтарын ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жасалған және
күрделі электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасымен
бірге пайдалану үшін Nikon тарапынан арнайы сертификатталған Nikon брендінің
электрондық керек-жарақтары (оның ішінде батарея зарядтағыштар, батареялар,
айнымалы ток адаптерлері және USB кабельдері) ғана осы электрондық схеманың
жұмыс және қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленіп, сынақтан өткен.
ШЫНАЙЫ NIKON ӨНІМІ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ
МҮМКІН.
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталатын
литий-ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс жасауына
кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына, өртенуіне, жарылуына
немесе ағуына әкелуі мүмкін.
Nikon брендінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мәлімет алу үшін Nikon
компаниясының жергілікті өкілетті дилеріне хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны
сапарға алып шығудан бұрын) суретке түсірмес бұрын, фотокамераның дұрыс
жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon
компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған зақымдарға немесе шығындарға
жауап бермейді.
Голографиялық жапсырма: Бұл
құрылғының шынайы Nikon өнімі
екендігін білдіреді.