Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
31
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Суретке түсіру режимін таңдау
Қажетті түсіру режимін фотокамера
корпусындағы индикатор белгісімен туралау
үшін режимді таңдау дискісін айналдыруға
болады.
• A (Автоматты) режим
Әртүрлі суретке түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру үшін осы
режимді таңдаңыз.
• o (Креативтік) режим
Суретке түсіру барысында кескіндерге әсерлер қолданыңыз.
• y (Көрініс) режимдері
Жағдайларға жарамды параметрлер арқылы түсіру үшін d түймешігін
басып, көрініс режимін таңдауға болады.
Scene auto selector (Көріністі автоматты түрде таңдау құралы)
параметрі (әдепкі параметр) таңдалғанда, суретті кадрға алу барысында
фотокамера суретке түсіру жағдайларын таниды және шарттарға сәйкес
суреттер түсіруіңізге болады.
• M (Short movie show (Қысқа кино көрінісі)) режимі
Фотокамера ұзақтығы бірнеше секунд болатын бірнеше бейнефильм
үзінділерін жазу және автоматты түрде біріктіру арқылы ұзақтығы 30 секунд
болатын қысқаметражды бейнефильмді (e1080/30p немесе S1080/
25p) жасайды.
• A, B, C жəне D режимдері
Ысырма жылдамдығы мен f санын жақсырақ басқару үшін осы режимдерді
таңдаңыз.
C Анықтама дисплейі
Суретке түсіру режимін ауыстыру немесе параметр экранын көрсету кезінде
функциялардың сипаттамалары көрсетіледі.
Суретке түсіру режиміне жылдам ауыстыру үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз. Орнату мәзірінің Monitor settings (Монитор параметрлері)
(A126) бөліміндегі Help display (Анықтама дисплейі) көмегімен сипаттамаларды
көрсетуге не жасыруға болады.
Суретке түсіру режимін таңдау










