Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
v
Кіріспе
Маңызды ақпарат
Нұсқаулықтар туралы
• Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының
алдын ала берілетін жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен, кез-келген түрде
көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе басқа бір тілге
аударуға рұқсат етілмейді.
• Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше
болуы мүмкін.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламалық
жасақтаманың техникалық сипаттарын кез-келген уақытта және алдын ала
ескертусіз өзгерту құқығына ие.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір зақымға жауап
бермейді.
• Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді
жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды
байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне хабарласуды сұраймыз (мекенжайы
бөлек беріледі).
Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын
орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің
фотокамерамен жасалған фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің
рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер қолданылады,
бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе
жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Деректерді сақтау құрылғыларын тастау
Кескіндерді жою немесе жад карталары не кірістірілген фотокамера жады сияқты
деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толық
жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдарды шығарылған сақтау
құрылғыларынан еркін сатылымдағы бағдарламалық жасақтамалар көмегімен
кейде қалпына келтіруге болады, бұл жеке кескін деректерін арам пиғылда
пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
пайдаланушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау жадын шығарудан немесе иелік ету құқығын басқа адамға
беруден бұрын орнату мәзірінің (A120) Reset all (Барлығын қалпына келтіру)
бөліміндегі фотокамераның барлық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Қалпына
келтіргеннен кейін сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен
барлық деректерді өшіріңіз немесе орнату мәзірінің (A120) Format card (Картаны
өшіру) не Format memory (Жадты пішімдеу) бөлімінде құрылғыны пішімдеңіз,
содан кейін жеке ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның
кескіндері) толықтай қайта толтырыңыз. Жад карталарын жою кезінде жарақат алу
немесе мүлікке зақым келтіруді болдырмау үшін абай болыңыз.
Conformity Marking (Сəйкестік белгісі)
Фотокамера үйлесімді болатын кейбір сәйкестік белгілерін көрсету үшін төмендегі
процедураны орындаңыз.
d түймешігін M z мәзір белгішесін M Conformity marking (Сәйкестік белгісі) M
k түймешігін басыңыз










