Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
37
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Көрініс режимі (суретке түсіру жағдайларына сәйкес келетін
суретке түсіру)
B HDR туралы ескертпелер
Штативті пайдалану ұсынылады. Фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті
пайдалану кезінде, орнату мәзіріндегі Photo VR (Фотосурет ДА) (A168)
параметрін Off (Өшірулі) күйіне орнатыңыз.
y M m Fireworks show (Отшашу көрінісі)
• Қолмен реттелетін фокус арқылы фокустау үшін суретке түсіру экраны
көрсетілгенде k түймешігін басуға болады. Қосымша ақпаратты «Қолмен
реттелетін фокусты пайдалану» (A64) бөліміндегі 2-қадамнан қараңыз.
• Ысырма жылдамдығы 4 секундқа орнатылады.
• Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес (A68).
y M o Backlighting (Артқы фон жарығы)
• o Backlighting (Артқы фон жарығы) параметрі таңдалған кезде көрсетілген
экранда On (Қосулы) немесе Off (Өшірулі) параметрін суретке түсіру
жағдайларының негізінде жоғары динамикалық ауқым (HDR) функциясын қосу
немесе өшіру үшін таңдаңыз.
• Off (Өшірулі): Нысанның көлеңкеде көрінбей қалуын болдырмау үшін жарқыл
жанады. Кескіндерді жарқылды күшейту арқылы түсіріңіз.
- Бір кескін түсіру үшін ысырманы босату түймешігін толық басыңыз.
•
On (Қосулы)
: Бір кадрда өте жарық және күңгірт аумақтары бар суреттерді
түсіргенде пайдаланыңыз.
- Ысырманы босату түймешігі толық басылған кезде фотокамера кескіндерді
үздіксiз түсіреді және келесі екі кескінді сақтайды.
- HDR емес құрама сурет
- Жарық аумақтарда немесе көлеңкелерде кішігірім элементтерді жоғалту
барынша азайтылатын HDR құрама суреті
- Егер тек бір суретті сақтауға жеткілікті жад бар болса, түсіру кезінде D-Lighting
(A89) өңдейтін сурет қана сақталады. Онда суреттің күңгірт аумақтары
түзетіледі.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқаннан кейін фотокамераны
фотосурет көрсетілгенше қозғалыссыз ұстаңыз. Суретті түсіргеннен кейін,
экран суретке түсіру экранына ауыспағанша фотокамераны өшірмеңіз.
- Сақталған кескінде көрсетілетін көрініс бұрышы (яғни кадрда көрінетін аумақ)
суретке түсіру экранында көрінетін бұрыштан аз болады.
- Кейбір суретке түсіру жағдайларында қараңғы көлеңкелер жарық
нысандардың айналасында көрінуі немесе жарық аумақтар қараңғы
нысандардың айналасында көрінуі мүмкін.










