Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

43
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Көрініс режимі (суретке түсіру жағдайларына сәйкес келетін
суретке түсіру)
Фотокамера қозғалысының мысалы
Бұру осі ретінде денеңізді пайдаланып,
фотокамераны доға бойынша, (KLJI)
белгілері бағытында жылжытыңыз.
Түсіру басталғаннан кейін бағыттағыш
15 секунд ішінде (W Normal (Қалыпты)
таңдалғанда) немесе 30 секунд ішінде (X
Wide (Кең) таңдалғанда) жиекке жетпесе,
суретке түсіру тоқтайды.
B Оңай панорамамен түсіру туралы ескертпелер
Сақталған кескіндегі көрсетілген кескін диапазоны түсіру уақытындағы экранда
көрсетілген диапазоннан тар болады.
Егер фотокамера тым тез қозғалса немесе тым көп шайқалса я болмаса нысан
тым біркелкі болса (мысалы, қабырғалар немесе күңгірттік), қате орын алуы
мүмкін.
Егер түсіру фотокамера панорама диапазонындағы жарты жолына жетпей
тоқтатылса, панорамалық сурет сақталмайды.
C Оңай панораманың кескін өлшемі
Ең үлкен кескін өлшемдерінің (пикселдермен берілген) төмендегідей төрт түрі бар.
Егер панорама диапазонының жартысынан көп бөлігі түсіріліп, бірақ түсіру
диапазон жиегіне жетпей тұрып тоқтатылса, кескін өлшемі төменде сипатталғаннан
кішірек болады.
W Normal (Қалыпты) орнатылғанда
X Wide (Кең) орнатылғанда
4800
920
1536
9600
920
1536