Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

48
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Көрініс режимі (суретке түсіру жағдайларына сәйкес келетін
суретке түсіру)
3 Суретке түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігін басқан кезде
кері санақ басталады (шамамен бес
секунд) және ысырма автоматты түрде
босатылады.
Фотокамера қалған суреттер үшін
ысырманы автоматты түрде босатады. Кері
санақ түсіруден шамамен үш секунд бұрын
басталады.
Түсірілімдер саны экрандағы U белгішесімен көрсетіледі. Ол түсіру
барысында сары болып көрсетіледі және суретке түсірген соң, ақ болып
өзгереді.
4 Фотокамера көрсетілген түсірілген кескіндер санын аяқтаған
кезде көрсетілетін экранда Yes (Иə) параметрін таңдап, k
түймешігін басыңыз.
Коллаж кескіні сақталды.
Әр түсірілген сурет коллаж суретінен бөлек жеке сурет ретінде сақталады.
Кескіндер кезекті ретпен топтастырылады, ал бір кадрлық коллаж кескіні
негізгі сурет (A86) ретінде пайдаланылады.
No (Жоқ) таңдалғанда коллаж кескіні сақталмайды.
B Өзіндік коллаж туралы ескертпелер
Фотокамера көрсетілген түсірілімдер санын түсірмес бұрын, төменде берілген
әрекеттерді орындасаңыз, түсіруден бас тартылып, коллаж кескіні сақталмайды.
Суретке түсіруден бас тартудан бұрын түсірілген суреттер жеке сурет ретінде
сақталады.
- Ысырманы босату түймешігін басу
- Жарқылды көтеру немесе түсіру
Егер кескіндер Date stamp (Күн белгісі) (A166) режимі арқылы түсірілсе, күн
және уақыт байланыстырылған кескіннің төменгі оң жағында ғана белгіленеді. Күн
және уақытты байланыстырылған кескіндегі әр кескінге белгілеу мүмкін емес.
Бұл функцияны басқа функциялармен тіркесімде пайдалану қолжетімсіз болуы
мүмкін (A80).
2