Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

54
Суретке түсіру мүмкіндіктері
A, B, C және D режимдері (суретке түсіру үшін экспозицияны
орнату)
Экспозицияны орнатуға арналған кеңестер
Нысандардағы динамизм сезімі мен фондық фокуссыздану мөлшері
экспозиция бірдей болған жағдайда да, ысырма жылдамдығы мен f санының
тіркесімдерін өзгерту арқылы әртүрлі болуы мүмкін.
Ысырма жылдамдығының əсері
Фотокамера ысырманың жоғары жылдамдығында жылдам қозғалатын
нысанды қозғалыссыз етіп көрсете алады немесе ысырманың баяу
жылдамдығындағы жылжымалы нысанның қозғалысын ерекшелей алады.
F санының əсері
Фотокамера нысанды, алдыңғы көріністі және фонды фокустай алады немесе
нысанның фонын мақсатты түрде бұлдырата алады.
C Ысырма жылдамдығы мен F саны
Ысырма жылдамдығының бақылау ауқымы масштабтау күйі, f саны немесе
ISO сезімталдық параметріне байланысты өзгеше болады.
Бұл фотокамераның f саны, сондай-ақ масштабтау күйіне байланысты өзгереді.
Экспозиция орнатылғаннан кейін масштабтау жасалғанда, экспозиция
тіркесімдері немесе f саны өзгеруі мүмкін.
Үлкен апертура мәндері (кіші f сандарымен белгіленеді) фотокамераға көбірек
жарық түсіреді, ал кіші апертура мәндері (үлкен f сандары) азырақ жарық түсіреді.
Ең кіші f саны ең үлкен апертураны береді және ең үлкен f саны ең кіші
апертураны береді.
Жылдамырақ
1/1000 с
Баяуырақ
1/30 с
Кіші f саны
(үлкен апертура)
f/3.4
Үлкен f саны
(кіші апертура)
f/8