Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
55
Суретке түсіру мүмкіндіктері
A, B, C және D режимдері (суретке түсіру үшін экспозицияны
орнату)
B Экспозицияны орнату бойынша ескертпелер
Нысан тым күңгірт немесе тым ашық болса, тиісті экспозицияға қол жеткізу мүмкін
болмауы ықтимал. Сондай жағдайларда ысырма жылдамдығының индикаторы не f-
санының индикаторы жанады (A, B және C режимдерінде) немесе ысырманы
босату түймешігі жартылай басылғанда экспозиция индикаторы (D режимінде)
қызыл түспен көрсетіледі. Ысырма жылдамдығы параметрін немесе f санын
өзгертіңіз.
B Бейнефильмді жазу барысында экспозицияны орнату
Бейнефильмдерді A, B, C немесе D режимінде жазғанда ысырма жылдамдығы
мен f саны параметрлері қолданылмайды.
Экспозиция индикаторы (D режимінде болғанда)
Фотокамера өлшеген реттелген экспозиция
мәні мен оңтайлы экспозиция мәні
аралығындағы ауытқу дәрежесі экрандағы
экспозиция индикаторында көрсетіледі.
Экспозиция индикаторындағы ауытқу деңгейі
EV мәндерімен көрсетіледі (1/3 EV өсуі
бойынша –2 және +2 аралығындағы EV).
B ISO сезімталдығына қатысты ескертпелер
ISO sensitivity (ISO сезімталдығы) (A123) параметрі Auto (Автоматты)
режиміне (әдепкі параметр) немесе Fixed range auto (Автоматты бекітілген
ауқым) орнатылғанда D режиміндегі ISO сезімталдығы ISO 100 мәнінде бекітіледі.
A, B, C жəне D режимдерінде қолжетімді функциялар
• Жарқыл режимі (A57)
• Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) (A57)
• Фокустау режимі (A57)
• Қолданушы жүгірткісі (A57)
• Shooting menu (Суретке түсіру мәзірі) (A120)
• w (функция) түймешігі арқылы орнатуға болатын функциялар (A121)
C Фокустау аумағы
Автофокустауға арналған фокустау аумағы суретке түсіру мәзіріндегі AF area
mode (АФ аумағының режимі) (A123) параметріне байланысты әртүрлі болады.
Target finding AF (АФ мақсатты табу) (әдепкі параметр) орнатылған кезде,
фотокамера негізгі нысанды анықтайды және оған фокусталады. Егер адамның беті
анықталса, фотокамера автоматты түрде сол бетті фокустайды.
F 3 .4
F3.4
5 0 0
500
2 5 m 0s
25m 0s
1 / 25 0
1/250
1 0 0
100
Экспозиция индикаторы










