Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

vii
Кіріспе
Қауіпсіздік шаралары
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса,
кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің
кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе
бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB
кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға
арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток
адаптерлерін жəне USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды
істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз,
күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың
астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын əсерін
тигі
збеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-
айнымалы ток инверторларын пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін
пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін орындарда
ашық қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге
немесе үсуге әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып
қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің
ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды
суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз.
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз
жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз
мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер
ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық
мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны
алыңыз жəне айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге
тимеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа әкелуі мүмкін.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып
жақпаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.