Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
61
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)
Ысырманы босату түймешігін басқаннан кейін кететін секунд мөлшерін
орнатқанда, фотокамера ысырманы босатады. Суретке түсіру барысында
фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде Photo VR
(Фотосурет ДА) (A168) параметрін Off (Өшірулі) күйіне орнатыңыз.
1 J (n) мульти селекторын басыңыз.
2 Ысырма босатылуға дейінгі секунд
мөлшерін таңдап, k түймешігін
басыңыз.
• n10s (10 секунд): үйлену тойлары сияқты
маңызды жағдайларда пайдаланыңыз.
• n3s (3 секунд): фотокамераның дірілдеуін
болдырмау үшін пайдаланыңыз.
• r5s (5 секунд, өздігінен портрет түсіру
таймері): өздігінен түсірілетін портрет үшін пайдаланыңыз.
• Параметр k түймешігін басу арқылы қолданылмаған кезде, таңдаудан бас
тартылады.
3 Суретті кадрға алып, ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз.
• n10s (10 секунд) немесе n3s (3 секунд) параметрін пайдаланғанда
нысандар фокуста екенін тексеріңіз.
• r5s (5 секунд, өздігінен портрет түсіру таймері) параметрін пайдаланғанда,
4-қадамда ысырманы босату түймешігін толық басып, суретті кадрға алыңыз.
4 Ысырманы босату
түймешігін толық басыңыз.
• Кері санақ басталады. Өздігінен
түсіруді реттейтін таймер шамы
жыпылықтайды, содан кейін
ысырманың босатылуынан бұрын
бір секундтай жарқырап тұрады.
• Кері санақты тоқтату үшін
ысырманы босату түймешігін
қайтадан басыңыз.
Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін
таймер)
OK
Self-timer
9
9










