Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
63
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Фокустау режимі
Суретке түсіру аралығына сәйкес келетін фокустау режимін таңдауға болады.
1 I (p) мульти селекторын басыңыз.
2 Қажет фокустау режимін (A63)
таңдаңыз жəне k түймешігін
басыңыз.
• Параметр k түймешігін басу арқылы
орнатылмаса, таңдаудан бас тартылады.
Қолжетімді фокустау режимдері
C Фокустау режимінің параметрі
• Параметр кейбір түсіру режимдерінде қолжетімсіз болуы мүмкін (A78).
• A, B, C және D суретке түсіру режимдері үшін параметр фотокамераның
жадында фотокамера өшірілгеннен кейін де сақталады.
Фокустау режимі
A
Autofocus (Автофокус)
Нысаннан объективке дейінгі қашықтық 50 см не одан көп немесе ең
жоғары телефото масштабтау күйінде 2,0 м не одан көп болғанда
пайдаланыңыз.
D
Macro close-up (Макро ұлғайта түсіру)
Жақын орналасқан суреттерді түсіру кезінде орнатыңыз.
Масштабтау коэффициенті F және масштабтау индикаторы жасыл түспен
көрсетілетін күйге орнатылған кезде, фотокамера объективтен шамамен
10 см қашықтықта орналасқан нысандарға фокустала алады. Масштабтау
G көрсетілген көріністен кеңірек бұрышты күйде болғанда, фотокамера
объективтен шамамен 1 см қашықтықта орналасқан нысандарға
фокустала алады.
Максималды телефото масштабтау күйінде фотокамера объективтен
шамамен 2,0 м қашықтықтағы нысандарды фокустай алады.
E
Manual focus (Қолмен реттелетін фокус)
Фокусты объективтен 1 см қашықтықтан бастап шексіздікке (∞) дейін
орналасқан кез келген нысанға реттеуге болады (A64). Фотокамера
фокустала алатын ең жақын қашықтық масштабтау күйіне байланысты
өзгешеленеді.
OK
Autofocus










