Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

viii
Кіріспе
Қауіпсіздік шаралары
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар əсер ететін
жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн
сəулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін.
Фотокамераны штатив немесе ұқсас керек-жарақ жалғанған күйде
тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе
өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ҚАУІПТІ
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін:
- Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың
әсерін тигізбеңіз.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне
әкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз
жəне дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны
жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL12 қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шараларын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін.
Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен
оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін.