Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
73
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Фокустау
Ысырманы босату түймешігі
Фокустау
Жартылай
басу
Ысырманы босату түймешігін «жартылай» басу деп
түймешікті басқанда жеңіл қарсылық байқалатын кезге
дейін түймені басып тұруды айтамыз.
• Ысырманы босату түймешігін жартылай басқан кезде
фокус пен экспозиция (ысырма жылдамдығы мен f
саны) орнатылады. Түймешік жартылай басылғанда,
фокустау мен экспозиция құлыптаулы түрде
сақталады.
• Фокустау аумағы түсіру режиміне қарай өзгеріп
отырады.
Толық басу
Ысырманы босату түймешігін «толық» басу деп
түймешікті толықтай басуды айтамыз.
• Ысырманы босату түймешігі толығымен басылғанда,
ысырма босатылады.
• Ысырманы босату түймешігін күшпен баспаңыз,
өйткені бұл фотокамераның дірілдеуі, бұлдыр
суреттердің шығуына әкелуі мүмкін. Түймені ақырын
басыңыз.










