Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

76
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Фокустау
Автофокус үшін жарамсыз нысандар
Келесі жағдайларда фотокамера күтілгендей фокустамауы мүмкін. Кейбір
сирек жағдайларда фокустау аумағы немесе фокустау индикаторының
жасыл түспен жанғанына қарамастан, нысан фокуста болмауы мүмкін:
Нысан тым қараңғы
Суретке түсіру жағдайларына жарықтығы қатты өзгешеленетін нысандар
кіреді (мысалы, нысан артындағы күн нысанды қараңғы етіп көрсетеді)
Нысан мен айналасындағы нәрселер арасында ешқандай контраст жоқ
(мысалы, ақ түсті қабырғаның алдында ақ түсті көйлек киіп тұрған
портреттік нысан)
Фотокамерадан әр түрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нысан болғанда
(мысалы, тордың ішіндегі нысан)
Қайталанатын үлгілері бар нысандар (терезе перделері, пішіндері бірдей
бірнеше терезе қатары бар ғимараттар, т.б.)
Жылдам қозғалыстағы нысан
Жоғарыда аталған жағдайларда бірнеше рет қайта фокустау үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай басып көріңіз немесе фотокамерадан нақты
қажет нысанмен бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды фокустаңыз,
сөйтіп фокус құлпын пайдаланыңыз (A 77).
Фотокамера қолмен реттелетін фокустауды пайдаланып та фокустай алады
(A63, 64).