САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы Кіріспе Фотокамера бөлшектері Жұмысқа кірісу Негізгі түсіру жəне ойнату операциялары Басқа функциялар Техникалық ескертулер • Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (vi-бет) оқып шығыңыз. • Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
Кіріспе Маңызды ақпарат Nikon COOLPIX A1000 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Толық түсіндірмелер үшін Осы құжаттан бөлек, анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімі) осы өнімді пайдалану әдісі туралы мәліметтер беріледі. Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан Анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алып, анықтама үшін смарт құрылғыға немесе компьютерге сақтаңыз.
Қаптаманың ішін түгендеу Қандай да бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге хабарласыңыз. Сандық фотокамера COOLPIX A1000 Бау Зарядтау АТ адаптері EH-73P* USB кабелі UC-E21 Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы (осы нұсқаулық) SnapBridge Байланыс нұсқаулығы Қайта зарядталатын литий-ионды батарея EN-EL12 Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы жағында басылған) * Ашалы адаптер сатып алу еліне немесе аймағына байланысты беріледі.
Мəлімет пен сақтық шаралары Өмір бойы білім алу ұстанымы Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу ұстанымы» аясында үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі веб-сайттардан алуға болады: • АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/ • Еуропадағы пайдаланушылар үшін: https://www.europe-nikon.com/support/ • Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылары үшін: http:// www.nikon-asia.
Нұсқаулықтар туралы • Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді. • Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз. ҚАУІП бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. ЕСКЕРТУ бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. • Бауды шатастырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
• Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар əсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сəулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. • Фотокамераны штатив немесе ұқсас керек-жарақ жалғанған күйде тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Батареялар үшін ҚАУІПТІ • Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
x Кіріспе
Фотокамера бөлшектері Фотокамера корпусы 1 23 4 5 6 9 10 11 12 13 14 15 16 17 8 7 22 21 20 19 18 K (жарқылдың шығуын) басқару 13 тетігі 1 Басқару дискісі 2 Ысырманы босату түймешігі 3 Масштабтауды басқару 4 Режимді таңдау дискісі 5 Жарқыл 6 q (қайтпа масштаб) түймешігі Айналмалы мультиселектор 16 (мультиселектор)* 7 Бүйірлік масштабтауды басқару тетігі 17 k (таңдау жасау) түймешігі 8 w (функция) түймешігі 9 Көз сенсоры Қуат ажыратқышы/іске қосылу 14 шамы (зарядтау шамы) 15 c (ойна
Сенсорлық панельді басқару Осы фотокамераның мониторы сенсорлық панель болып табылады және оны саусақтармен түрту арқылы басқаруға болады. Түрту Сенсорлық панельді қысқа түртіңіз. Ысыру Сенсорлық панельде саусақты жоғары, төмен, солға немесе оңға сырғытыңыз. Сырғыту Сенсорлық панельді түртіп, саусақты жоғары, төмен, солға немесе оңға сырғытып, жіберіңіз. Ашу/қысу Сенсорлық панельді екі саусақпен түртіп, оларды ашыңыз немесе қысыңыз.
Жұмысқа кірісу Бауды бекіту əдісі • Бауды фотокамера корпусының екі бүйіріндегі (сол және оң) тесікке бекітуге болады.
Батареяны жəне жад картасын салу Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы • Батареяның оң зарядты және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған күйде сарғылт батарея ілмегін жылжытыңыз (3) және батареяны салыңыз (4). • Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (5). • Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратқан күйі немесе керісінше енгізбеңіз, бұл дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Батареяны зарядтау Зарядтаушы АТ адаптері* Розетка USB кабелі (жинаққа кіреді) Іске қосылу шамы (зарядталу шамы) * Ашалы адаптер сатып алу еліне немесе аймағына байланысты беріледі. Ашалы адаптердің пішіні сатып алу еліне немесе ауданына байланысты әр түрлі болады. • Суретте көрсетілгендей батареяны салған кезде фотокамера электр розеткасына қосылса, зарядтау басталады. Батарея зарядталып жатқанда іске қосылу шамы (зарядтау шамы) ақырын жыпылықтайды.
B Батареяны зарядтау туралы ескертпелер • Батарея зарядталып жатқан кезде фотокамераны пайдалануға болады, алайда зарядтау уақыты артады. Фотокамераны пайдалану кезінде іске қосылу шамы (зарядтау шамы) өшеді. - Батареяны зарядтап жатқанда бейнефильмдерді жазу мүмкін емес.
Монитор бұрышын өзгерту Монитордың бағыты мен бұрышын реттеуге болады. Қалыпты суретке түсіру үшін Төмен қалыпта суретке түсірген кезде Жоғары қалыпта суретке түсірген кезде Өзіндік портрет түсірген кезде B Монитор туралы ескертулер • Мониторды жылжыту кезінде, байланыс зақымдалмауы үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз және монитордың реттелмелі ауқымының аясында баяу жылжытыңыз. • Монитордың артқы жағын ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын дұрыс орындамау өнімнің істен шығуына себеп болуы мүмкін.
Фотокамераны реттеу Фотокамера алғашқы рет іске қосылғанда, дисплей тілін және фотокамера сағатын орнататын экрандар көрсетіледі. 1 Фотокамераны қосыңыз. • Параметрлерді таңдау және реттеу үшін мультиселекторды пайдаланыңыз. Мультиселектор Жоғары Солға Қуат ажыратқышы Оңға Төмен k түймешігі (таңдау жасау) • Тілді таңдау экраны көрсетіледі. Тілді бөлектеу үшін HI мультиселекторын пайдаланып, таңдау үшін k түймешігін басыңыз. Көрсетілген тілдер елге немесе аймаққа байланысты әртүрлі болады.
3 Жергілікті уақыт белдеуін белгілеп, k түймешігін басыңыз. • Жазғы уақытты орнату үшін H түймешігін басыңыз. Ол қосылғанда, уақыт бір сағат артқа жылжып, W белгішесі көрсетіледі. Оны өшіру үшін I түймешігін басқанда, уақыт бір сағат артқа жылжиды. 4 5 London, Casablanca UTC+0 Back Confirm Күн пішімін таңдау үшін HI түймешігін, содан кейін k түймешігін басыңыз. Фотокамера сағаты үшін ағымдағы күн мен уақытты енгізіп, k түймешігін басыңыз.
Негізгі түсіру жəне ойнату операциялары Суретке түсіру A (автоматты) режимі мұнда мысал ретінде пайдаланылған. A (автоматты) режимі әртүрлі түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру мүмкіндігін береді. 1 Режим таңдау дискісін A белгішесіне қарай айналдырыңыз. • Батарея қуатының индикаторы b: Батарея қуатының деңгейі жоғары. B: Батарея қуатының деңгейі төмен. • Қалған кадрлар саны C жад картасы фотокамераға енгізілмеген және кескіндер ішкі жадта сақталған кезде көрсетіледі.
3 Суретті кадрға алыңыз. • Масштабтау объективінің күйін өзгерту үшін масштабты басқару тетігін немесе бүйірлік масштабтауды басқару тетігін жылжытыңыз. • Телефото күйінде объектив арқылы суретке түсіру кезінде нысан көрінбей қалса, нысанды жақтауға оңай енгізу мақсатында көрінетін аумақты уақытша кеңейту үшін q (қайтпа масштаб) түймешігін басыңыз. Кішірейту Ұлғайту Ұлғайту Кішірейту 4 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
B Суреттерді немесе бейнефильмдерді сақтауға қатысты ескертулер Суреттер немесе бейнефильмдер сақталып жатқан кезде қалған кадрлар санын көрсететін индикатор немесе қалған жазу ұзақтығын көрсететін индикатор жыпылықтайды. Индикатор жыпылықтап тұрған кезде, батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны немесе жад картасын алмаңыз. Бұлай ету деректердің жоғалуына немесе фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Сенсорлық түсіру Түсіру экранындағы сенсорлық түсіру белгішесін түрту арқылы сенсорлық түсіру мүмкіндігін ауыстыруға болады. • A Touch shutter (Сенсорлық ысырма) әдепкі параметрінде, ысырманы босату түймесін пайдаланбай экрандағы нысанды жай ғана түрткенде ысырма босатылады. 100 1/250 F3.4 0.0 25m 0s 500 Монитор жəне көріністапқыш арасында ауыстыру Күн сәулесінің түсуі сияқты мониторға жарық түсіп кедергі болған жағдайларда көріністапқышты пайдалану ұсынылады.
Кескіндерді қарау 1 Ойнату режиміне өту үшін c (ойнату) түймешігін басыңыз. • Фотокамера өшірулі күйде болғанда c түймешігін басып тұрсаңыз, фотокамера қарау режимінде іске қосылады. 2 Көрсетілетін суретті таңдау үшін мультиселекторды пайдаланыңыз. Алдыңғы суретті көрсету • Кескіндерді жылдам айналдыру үшін HIJK түймешігін басып тұрыңыз. • Сонымен қатар кескіндерді мультиселекторды немесе басқару дискісін айналдыру арқылы таңдауға болады.
Кескіндерді жою 1 2 Ойнату режимінде, ағымдағы уақытта экранда көрсетіліп тұрған кескінді жою үшін l (жою) түймешігін басыңыз. Қажетті жою əдісін таңдау үшін HI мульти селекторын пайдаланыңыз жəне k түймешігін басыңыз. • Өшірмей шығу үшін, d түймешігін басыңыз. Delete Current image Erase selected images All images 3 Yes (Иə) параметрін таңдап, k түймешігін басыңыз. • Жойылған суреттерді қалпына келтіру мүмкін емес.
Басқа функциялар Суретке түсіру режимін таңдау Қажетті түсіру режимін фотокамера корпусындағы индикатор белгісімен туралау үшін режимді таңдау дискісін айналдыруға болады. • A (Авто) режимі Әртүрлі түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру үшін осы режимді таңдаңыз. • o (Шығармашыл) режимі Түсіру барысында кескіндерге әсерлер қолданыңыз. • y (Көрініс) режимдері Жағдайларға жарамды параметрлер арқылы түсіру үшін d түймешігін басып, көрініс режимін таңдауға болады.
Суретке түсіру функцияларын мультиселектор арқылы орнату (m/n/p/o) Суретке түсіру экраны көрсетілген кезде, төменде сипатталған функцияларды орнату үшін H (m) J (n) I (p) K (o) мультиселекторын басуға болады. • m Жарқыл режимі Жарқыл көтерілген кезде жарқыл режимін суретке түсіру жағдайларына сәйкес орнатуға болады. m (толтырғыш жарқыл) немесе m (стандартты жарқыл) параметрі таңдалғанда, жарқыл әрқашан жанады.
Мəзір операциялары d (мәзір) түймешігін басу арқылы төменде тізімделген мәзірлерді орнатуға болады. • • • • • A Shooting menu (Суретке түсіру мəзірі)1, 2 e Бейнефильм мəзірі1 c Playback menu (Ойнату мəзірі)3 J Network menu (Желі мəзірі) z Орнату мəзірі 1 2 Суретке түсіру экраны пайда болған кезде d түймешігін басыңыз. Мәзір белгішелері мен қолжетімді параметр опциялары суретке түсіру режиміне байланысты әртүрлі болады. Ойнату экраны пайда болған кезде d түймешігін басыңыз.
4 Мəзір параметрін таңдаңыз жəне k түймешігін басыңыз. Set up Time zone and date Monitor settings EVF auto toggle Date stamp Self-timer: after release Photo VR AF assist • Ағымдағы түсіру режиміне немесе фотокамераның күйіне байланысты белгілі мәзір опциялары орнатылмайды. 5 Параметрді таңдаңыз жəне k түймешігін басыңыз. Date stamp Date Date and time • Таңдалған параметрлер Off қолданылады. • Мәзірді пайдаланып жұмысыңызды аяқтаған кезде d түймешігін басыңыз.
Техникалық ескертулер Ескертулер Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация) үшін ақпарат/сертификат Жасап шығарушы : Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Өндіруші : "Никон Корпорейшн",Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония, Телефон: +81-3-6433-3600 Импортер : ЖШС "Никон", Мекен жайы: Ресей, Мәскеу қаласы, Сыромятнический -2 көшесі,1 үй. Телефондар: +7 (495) 663-77-64 COOLPIX A1000 Шығарушы ел : Қытай Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме : ЕАЭС N RU Д-JP.АЯ46.В.00830/18 Жарамдылық мерзімі : 15.10.
Сымсыз байланыс функциялары бойынша ескертпелер Сымсыз құрылғыларға қойылатын шектеулер Осы өнімде бар сымсыз трансивер сауда жасалатын елдегі сымсыз құрылғыға қатысты ережелерге сәйкес келеді және басқа елдерде қолданысқа жарамайды (ЕО немесе ЕФТА аймағында сатып алынған өнімдерді сол аймақ ішіндегі кез-келген жерде қолдануға болады). Өнімдер басқа елдерде қолданылған жағдайда Nikon компаниясы жауапты болмайды.
Бұл өнімді шетелге экспорттау немесе апару кезіндегі сақтық шаралары Бұл өнім АҚШ экспортты басқару қағидалары (ЭБҚ) бойынша бақыланады. Эмбарго қойылған немесе арнайы бақылауларға ие келесі елдерден басқа елдерге экспорттау үшін АҚШ мемлекетінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия (бұл тізім өзгеріп отыруы мүмкін).
Өнімге күтім жасау Құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде «Қауіпсіздік шаралары» (Avi-ix) бөлімінде берілген ескертулерге қосымша төменде көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз. Фотокамера Фотокамераға қатты соққы тигізбеңіз Өнім қатты соққыға немесе дірілге ұшыраса, істен шығуы мүмкін. Сонымен қоса, объективті немесе объектив қақпағын ұстамаңыз не қатты қыспаңыз. Құрғақ жерде сақтаңыз Құрылғы суға батырылса немесе жоғары ылғалдылық әсеріне ұшыраса зақымдалады.
Монитор туралы ескертулер • Мониторлар (электрондық көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дәлдікпен құрастырылған; кем дегенде, 99,99% тиімді нүкте нәтижесін береді, көрінбейтін немесе ақауы бар нүктелер 0,01% аспайды. Сондықтан, осы дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк және жасыл) немесе әрдайым өшірулі болатын (қара) нүктелердің болуы мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық болып табылмайды және осы құрылғымен түсірілген суреттерге еш әсер етпейді.
Батарея түйіспелері Батареяның түйіспелеріндегі кір фотокамераның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Батарея түйіспелері лас болса, пайдаланудан бұрын оларды таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Заряды біткен батареяны зарядтау Фотокамераға заряды біткен батареяны салған кезде фотокамераны қосу немесе өшіру батареяның жарамдылық мерзімін қысқартуы мүмкін. Пайдаланбас бұрын заряды біткен батареяны зарядтаңыз.
Тазалау жəне сақтау Тазалау Спирт, еріткіш не басқа ұшпа химиялық заттарды пайдаланбаңыз. әйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Тозаң немесе ұлпаны ауа үрлегішпен (әдетте екінші жағынан ауа ағымын шығару үшін басылатын ұшына жалғанатын резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы болып табылады) кетіріңіз.
Ақауларды жою Егер фотокамера қажетті түрде жұмыс жасамаса, бөлшек сауда өкіліне немесе Nikon өкілетті қызмет көрсету маманына хабарласудан бұрын төменде берілген жиі кездесетін ақаулардың тізімін қараңыз. Егер келесі әрекеттер арқылы мәселені жою мүмкін болмаса, қосымша мәліметтерді анықтамалық нұсқаулықтан (PDF пішімі) (Aii) немесе аймағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз. Ақау Себебі/шешімі Фотокамера қосылған, бірақ жауап бермейді. • Жазылудың аяқталуын күтіңіз.
Пайдалануға болатын жад карталары Фотокамера SD, SDHC және SDXC жад карталарын қолдайды. • Фотокамера UHS-I қолдайды. • Бейнефильмдер жазу үшін 6 (бейне жылдамдығының класы V6) немесе одан да жылдамырақ SD жылдамдық класының рейтингі бар жад карталарын пайдалану ұсынылады.
• HDMI, HDMI логотипі және High-Definition Multimedia Interface - HDMI Licensing, LLC сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Wi-Fi және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance бірлестігінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Nikon өнімімен бірге берілген осы нұсқаулықта немесе өзге құжаттарда аттары аталған барлық өзге сауда атаулары өздерінің тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Техникалық ескертулер 31
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/ басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
• өнім бастапқыдан жасалған және/немесе өндірілген елдерден басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті немесе техникалық ережелеріне сәйкес Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің немесе реттеулердің нәтижесінде келтірілген қандай да бір зақым. 3.
Осы нұсқаулықты, тұтас не жартылай (сыни мақала мен шолуда қысқаша мəлімдеме жасаған жағдайдан тыс), NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қайта шығаруға тыйым салынады.