Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
4
Жұмысқа кірісу
• Батареяның оң зарядты және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған
күйде сарғылт батарея ілмегін жылжытыңыз (3) және батареяны салыңыз
(4).
• Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (5).
• Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратқан күйі немесе
керісінше енгізбеңіз, бұл дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
• Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы құлыпталса, суретке
түсіру, өшіру немесе жад картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
• Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді
жад картасында да, ішкі жадында да сақтауға болады. Ішкі жадын пайдалану
үшін жад картасын шығарып алыңыз.
B Жад картасын пішімдеу
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде
оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
• Жад картасын пішімдеу жад картасындағы бүкіл суреттер мен басқа
деректерді тұрақты түрде жоятынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдеуден
бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.
• Фотокамераға жад картасын салыңыз, d түймешігін басыңыз және орнату
мәзірінен (A18) Format card (Картаны өшіру) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз,
содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
• Батареяны шығару үшін батарея ілмегін жылжытыңыз.
• Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамераға мұқият
итеріңіз.
• Фотокамераны қолданған соң фотокамераны, батареяны және жад
картасын ұстағанда сақ болыңыз, себебі ыстық болуы мүмкін.
Батареяны жəне жад картасын салу
Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы










