Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы

ii
Кіріспе
Кіріспе
Nikon COOLPIX A1000 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін алғыс
айтамыз.
Толық түсіндірмелер үшін
Осы құжаттан бөлек, анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімі) осы өнімді
пайдалану әдісі туралы мәліметтер беріледі. Төмендегі URL мекенжайындағы
Жүктеу орталығынан Анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алып, анықтама үшін
смарт құрылғыға немесе компьютерге сақтаңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat Reader (Adobe веб-сайтынан
жүктеп алынады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) көмегімен қарауға болады.
Кескіндерді компьютерде немесе смарт
құрылғыда көру
Келесі бағдарламалық жасақтаманы немесе қолданбаны пайдаланыңыз.
Компьютерлерге арналған бағдарламалық жасақтама
Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан бағдарламалық
жасақтаманы жүктеп алыңыз.
ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама суреттер мен бейнефильмдерді
көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдау мүмкіндігін береді.
Capture NX-D: Бұл бағдарламалық жасақтама компьютерге тасымалданған
кескіндерді реттеуге және RAW кескіндерін өңдеуге мүмкіндік береді.
Смарт құрылғыларға арналған қолданба
SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатылса, бұл қолданба кескіндер мен
бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеп салу мүмкіндігін береді.
Қолданбаны жүктеп алу және байланыс орнату жолы туралы ақпаратты
«SnapBridge Байланыс нұсқаулығы» құжатынан қараңыз.
Жүктеу орталығына кіру
https://downloadcenter.nikonimglib.com
Nikon кескіндеу өнімдері, компьютер бағдарламалық
жасақтамасы немесе микробағдарлама нұсқаулықтарын
жүктеп алу үшін веб-сайтқа кіріңіз.
Nikon пайдаланушысына қолдау
көрсету
Фотокамераны тіркеу және өнім туралы соңғы мәліметтерден хабардар болып
отыру үшін, келесі веб-сайтқа кіріңіз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан
(ЖҚС) табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз.
https://www.europe-nikon.com/support
Маңызды ақпарат
COOLPIX A1000 Model Name: N1721