Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы

25
Техникалық ескертулер
Монитор туралы ескертулер
Мониторлар (электрондық көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дәлдікпен
құрастырылған; кем дегенде, 99,99% тиімді нүкте нәтижесін береді, көрінбейтін
немесе ақауы бар нүктелер 0,01% аспайды. Сондықтан, осы дисплейлерде
әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк және жасыл) немесе әрдайым өшірулі
болатын (қара) нүктелердің болуы мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық болып
табылмайды және осы құрылғымен түсірілген суреттерге еш әсер етпейді.
Қатты жарық астында монитордағы суреттерді көру қиындауы мүмкін.
Мониторға қысым түсірмеңіз, бұл зақымдалуға немесе қате жұмыс істеуге әкелуі
мүмкін. Монитор сынса, сынған әйнектен жарақат алу және дисплейдегі сұйық
кристалдың теріге тию, көзге не ауызға кіру қаупі болатындықтан, абай болыңыз.
Батарея
Пайдалану сақтық шаралары
Пайдаланған соң батареяның ыстық болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Батареяны 0°C төмен немесе 40°C жоғары температурада пайдаланбаңыз, бұл
зақымдалуға немесе қате жұмыс істеуге әкелуі мүмкін.
Батареядан шығып жатқан шамадан тыс ыстық, түтін немесе ерекше иіс секілді
қалыптан тыс жағдайларды байқасаңыз, пайдалануды тез арада тоқтатып,
бөлшектеп сатушыдан немесе Nikon рұқсат еткен қызметтік өкілден кеңес алыңыз.
Фотокамерадан немесе қосымша зарядтау құрылғысынан алғаннан кейін
батареяны оқшаулау үшін пластмассадан жасалған сөмкеге, т.б. салыңыз.
Батареяны зарядтау
Фотокамераны пайдаланудан бұрын батарея деңгейін тексеріңіз және, қажет болса,
батареяны ауыстырыңыз немесе зарядтаңыз.
Пайдаланбас бұрын батареяны ішкі ортаның температурасы 5-35°C болуы керек.
Жоғары батарея температурасы батареяның дұрыс немесе толық зарядталуына
кедергі келтіріп, батарея өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны қолданған соң
қызып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтаудан бұрын батареяның салқындауын
күтіңіз.
Фотокамераға салынған батареяны зарядтаушы АТ адаптерін немесе
компьютерді пайдаланып зарядтаған кезде батарея 0°C деңгейінен төмен немесе
50°C деңгейінен жоғары температурада зарядталмайды.
Батарея толық зарядталғаннан кейін зарядтауды жалғастырмаңыз, себебі бұл
батарея жұмысының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Зарядтау кезінде батарея температурасының жоғарылауы мүмкін. Алайда, бұл
дұрыс жұмыс істемегені емес.
Қосымша батареяны алып жүру
Мүмкін болған кезде, маңызды оқиғаларда суретке түсіргенде, толық зарядталған
қосымша батареяларды алып жүріңіз.
Батареяны салқын болған кезде пайдалану
Салқын күндері батарея сыйымдылығының төмендейтінін ескеріңіз. Егер төмен
температурада заряды біткен батарея пайдаланылса, фотокамераның қосылмауы
мүмкін. Қосымша батареяларды жылы жерде ұстаңыз және қажетінше ауыстырыңыз.
Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігін қайтаруы мүмкін.