Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
27
Техникалық ескертулер
Тазалау
Спирт, еріткіш не басқа ұшпа химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алып
қойыңыз. Зең басып кетпес үшін, фотокамераны кемінде айына бір рет
сақталған жерден шығарыңыз.
Фотокамераны қосып, оны қайтадан орнына қоймас бұрын ысырманы
бірнеше рет ашып-жабыңыз. Фотокамераны келесі орындардың
ешқайсысында сақтамаңыз:
• Дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60% астам жерлерде
• 50°C температурадан жоғары немесе –10°C температурадан төмен
орталарда
• Теледидар немесе радио сияқты күшті электромагниттік өрістер шығаратын
құрылғылардың жанында
Батареяны сақтау үшін «Батарея» (A25) тарауының «Өнімге күтім жасау»
(A24) мақаласындағы сақтық шараларын орындаңыз.
Тазалау жəне сақтау
Объектив/
көріністапқыш
әйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Тозаң немесе ұлпаны
ауа үрлегішпен (әдетте екінші жағынан ауа ағымын шығару үшін
басылатын ұшына жалғанатын резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы
болып табылады) кетіріңіз. Ауа үрлегішпен кетпейтін саусақ іздерін
немесе өзге дақтарды кетіру үшін объективті ортасынан бастап,
шеттеріне қарай бағытталған спиральді қозғалыстар көмегімен
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Егер бұл нәтиже бермесе, объективті
еркін сатылымдағы объектив тазалағышымен аздап ылғалданған
шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үрлегішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен өзге
дақтарды кетіру үшін, мониторды жұмсақ, құрғақ шүберекпен қысым
түсірмей мұқият сүртіңіз.
Корпус
Шаңды, кірді немесе құмды кетіру үшін ауа үрлегішті пайдаланыңыз,
одан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен мұқият сүртіңіз. Фотокамераны
жағалауда немесе басқа құмды не шаңды ортада пайдаланғаннан
кейін таза суға малынған жұмсақ шүберекпен құмды, шаңды немесе
тұзды жайлап сүртіп, мұқият құрғатыңыз. Фотокамера ішіндегі бөтен
зат кепілдікте қамтылмайтын зақым келтіруі мүмкін екенін
ескеріңіз.










