Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
32
Техникалық ескертулер
Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы!
Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік
бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен
немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/
басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен
хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз:
https://www.europe-nikon.com/support
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен немесе өкілетті
қызмет көрсету желісімен хабарласудан бұрын пайдаланушы
нұсқаулықтарын мұқият оқып шығуға кеңес береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір жылға
қандай да бір өндірістік ақауларға кепілдік беріледі. Кепілдік
берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға немесе жасалу
сапасына байланысты істен шығатын болса, Nikon Europe B.V. сату
аумағындағы біздің өкілетті қызмет көрсету желісіміз төменде
көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес жұмысы және
бөлшектері үшін ақы алмай, өнімді жөндейді. Nikon компаниясы
өнімді ауыстыру немесе жөндеу құқығын (өзінің қарауына) өзінде
қалдырады.
1. Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін және дилердің
аты-жөнін көрсететін дайын кепілдік талоны және бастапқы
есепшот немесе сатып алғандығын дәлелдейтін түбіртектің
негізінде ғана беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы
жоғарыда айтылған құжаттар көрсетілмесе немесе оның ішінде
мәліметтер толық болмаса немесе оқуға түсініксіз болса, кепілдік
бойынша тегін қызмет көрсетуден бас тарту құқығын сақтайды.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі:
• қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті
түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе
ауыстыру.
• пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін
жаңарту үшін өзгерту.
• тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен тікелей
немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі
Nikon Europe Service Warranty кепілдігі










